Қоғам

Актриса Самал Еслямова ауылдастарымен жүздесті

Самал Еслямова қазақ қызына тән инабаттылығын танытып, үлкендерге сәлем берді. Халықтың алғысын алды. Жиналғандар Самалдың ата-анасын да төрге шығарып, ерекше құрмет көрсетті.


Ілияс Еслямов – Самал Еслямованың әкесі:


– Баламыздың жетісітігі халықтың жетістігі. Самалдың өскен ортасы жақсы болды. Бұл киелі топырақта талай ұлылар дүниеге келген.

Талантымен, есіл еңбегімен топты жарып шыққан әртіс қыздың өнеріне үлкені де, кішісі де тәнті.

Аружан Тұрсынбекова – Аралағаш орта мектебінің оқушысы:


– Самал Канн фестивалінде жүлде алғанда қуандық. Ол өзінің қарапайымдылығымен көпке үлгіболып жүр.

Заманбек Ермек – Аралағаш орта мектебінің оқушысы:


– Самал қазақтың мақтан тұтарлық қызы. Ауылға жиі келіп тұрады. Атың құлағында ойнайды.

Самал Еслямованың есімі тарихқа енді. Киноиндустрияның ханшайымы атанған тұлғамен бәрі суретке түсіп, қолтаңбасын алуға асықты.

Самал Еслямова – 71-ші халықаралық Канн кинофестивалінің үздік актрисасы:


– Ауылымы жылына бір рет келіп тұрамын. Сағынғанда түсімде көремін. Жусан иісін жақсы көремін.

Отырыс барысында ауылдастары Самалға қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Қазіргі таңда актриса Мәскеуде тұрады. Болашақта елге оралу жоспарында бар.

Берік Қасен