Спорт

“Қызыл-Жар СҚ” ФК тағы жеңілді

Төреші ысқырығы шалынып, матч басталды. Кездесудің бірінші минуттарынан-ақ теріскейліктер ойын тізгінін өз қолдарына алды. Жиі алға ұмтылып, ордабасылық қорғаушыларды әбден састырды. Осындай шабуылдардың бірінде шымкенттік қақпашы Жасур Нарзикулов өрескел қателік жіберді. Бұны Фредди Коронель ұтымды пайдаланып, допты тоғыздыққа топ еткізді.

Есеп ашылған соң, ойын сәл саябырсыды. Тек, таймның соңына таман ордабасы жігіттерінің белсенділігі артты. Әсіресе, қонақтар қос қапталдан жиі алға ұмтылып, теріскейліктерді састырды. Шымкенттіктердің төккен тері ақыры нәтижеге жеткізді. Дәл 45-ші минутта әуеден асырылған допты 22 нөмірдегі Абдуллай Диакате баспен ұрып, есепті теңестіріп кетті.

Осылайша аяқ доп шеберлері үзіліске тең тарасты.

–  Басымдық біздің жақта. Тек, сәттерді тиімді пайдаланып, гол соғу керек. Есеп 2-де 1 болатын сияқты.


–  Өзімнің сүйікті командамды қолдауға келдім. Жерлестеріміз жерге қаратпайтындығына сенемін.

Кездесудің 2-ші таймы да тартысты басталды. Қос команданың ойыншылары бір-бірлерінің кақпасына алма кезек шабуыл жасады. Бірақ, таблодағы есеп өзгерер емес. Ақыры матчтың 80-ші минутында алаң иелерінің қорғанысы сыр беріп, қақпаларына доп жебіріп алды. Көзге түскен ордабасылық жартылай қорғаушы Еркебұлан Тұңғышбаев. Осы 1-де 2 есебі ойынның соңына дейін сақталды. Нәтижесінде Қызылжар тағы да ұтылды.

Еркебұлан Тұңғышбаев – “Ордабасы” ФК жартылай қорғаушысы:


–  Қызылжар жақсы құрама. Жанкүйерлерінің алдында жақсы ойнады. Бірақ, жеңіс біздің жақта болды.

Бұл жеңілістен соң солтүстікқазақстандықтар турнирлік кестенің соңғы сатысына сырғыды. Қызылжарлықтардың қоржынында небәрі 8 ұпай. Енді, жерлестеріміз келесі кездесуін 31 мамыр күні сырт алаңда қостанайлық Тобылға қарсы өткізеді.

Байболат Култанов