Мәдениет

Петропавлда корей киносының фестивалі өтті

Бүгін Корей киносын тамашалауға теріскейліктер көптеп жиналған. Кинофестиваль барысында екі фильм көрсетіледі. Бірі – режиссер Ким Сок Юнның «Детектив К: Тайна затерянного острова» тарихи тақырыпта жазылған қылмыстық комедиясы болса, екіншісі – режиссер Кан Хе-джиннің «Мисс жена» заманауи комедиялық мелодрамасы.

Ли Хе-ран – Корей мәдени орталығының директоры:


–  Кинофестивальде көрсетілген туындылар көрерменнің көңілінен шығады деген ойдамын. Бұл көрсетілім арқылы жиналғандар Корей халқының мәдениеті және салт-дәстүрлерімен жақынырақ таныса алады. Қазақстандықтардың корей драмаларын көп көретінінен хабардармыз, сол себепті, іс-шараға көңілді мелодраманы да ала келдік.

Екі фильм де корей тілінде, орыс субтитрлерімен көрсетілді. Киноны тамашалаған соң теріскейліктер сауалнамаларға жауап беріп, кішігірім сыйлықтарға ие болды.

– Кино маған ұнады. Тіпті, сюжеті жаныма батты. Бұл көрсетілімнен кейін өз отбасыңның қадірін түсінесің.


– Бұл фильмді көрген кезде көзіме жас ұялады. Кинофестивальдің ұйымдастырушыларына алғыс білдіреміз. Көрсетілімге өте жақсы фильмдер таңдалған екен.


– Кино өте қызықты, отбасы жайлы мелодрама көрдік. Корей дорамалары – ең Керемет!!!

Мәдени орталық өкілдері болашақта қазақстандықтарға корей тілін үйрету курстарын ашпақшы. Сондай-ақ, түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, корей өнері жайындағы лекциялар оқу жоспарланған.

Альмира Жетпісбай east-language: RU;mso-bidi-language:AR-SA’>