Қоғам

“Мерейлі отбасы” байқауының өңірлік жеңімпаздары анықталды

Жанұя құндылығы мен ұрпақтар сабақтастығын кеңінен насихаттайтын “Мерейлі отбасы” республикалық байқауы елімізде 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл сайыстың өңірлік кезеңіне облысымыздан 80 отбасы қатысуға өтініш білдірген екен. Десе де, қазылар алқасы көптің арасынан 24 шаңырақты іріктеп алған.

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімінің орынбасары:


– Отан отбасынан басталады” дегендей, туған елге деген махаббат отбасынан басталады. Сондықтан ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру әрбіріміз үшін маңызы зор.

Облыстық кезеңнің қатысушылары жүлделі үш орыннан бөлек, 6 номинацияны да сарапқа салды. Мәселен, Мамлютка қаласынан келген Шәукеровтер жанұясы “Ұрпақтар сабақтастығы” аталымында көптің қошеметіне бөленді.

Баян Шәукерова – “Мерейлі отбасы” республикалық байқауының “Ұрпақ сабақтастығы” аталымы бойынша жеңімпазы, Мамлют ауданы:


– Балалар кішкентай кезінен тәрбиелі. менің балаларымнан үлгі алсын. Келіндерім, қыздарым барлығы қызметте. 01-20Қалған жастарға, немерелеріме барлығына жұғысты болсын. Үлгі болсын.

Ал ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген Нұрхановтар мен Әмреновтер жанұясы байқаудың 3-ші жүлделі орнын еншіледі. Мамлют ауданындағы меценат Щеголевтер мен уәлихановтық Мұхамедьяровтар 2-ші орынды місе тұтты. Бірінші орынға спортшы жерлестеріміз – Эктовтер әулеті мен Жамбыл ауданының Петровка селосынан Сапархан Ысқақовтың отбасы лайық деп танылды.

Ысқақовтар әулеті теріскейге 14 жыл бұрын Өзбекстаннан қоныс аударған. Отағасы Сапархан мектепте сабақ берсе, жары Сайра шағын орталықта тәрбиеші болып еңбек етеді. “Жетім көрсең жебей жүр” демекші, 4 баланының ата-анасы былтыр 4 балғынды бауырларына басқан.

Сапархан Ысқақов – “Мерейлі отбасы” республикалық байқауы аймақтық кезеңінің жеңімпазы, Жамбыл ауданы:

 


– Бала тәрбиесі оңай жұмыс емес. Елімізді көркейту, осы балалардың қолында деп санаймын. Қиыншылық та болды.

Шара соңында байқау қатысушыларына арналып концерт ұйымдастырылды.

Бахыт Садвокасов