Құқық қорғау органдары

Петропавлда велосипед ұрлаған 2 баукеспе ұсталды

Мына жасөспірімдер велосипед ұрлаймыз деп қолға түскен. Олар Батыр Баян көшесіндегі үйлердің бірінің подъездінде тұрған 2 шайтанарбаны еш қысылмастан мініп кете барыпты. Қос дөңгелекті көлікті баукеспелер сатып, ақша таппақшы болған екен. Бірақ, олардың бірі қолды еткен велосипедті теуіп жүргенде ұсталып қалды.

Амангелді Әбділманов – Петропавл қ. ІІБ №2 полиция бөлімі бастығының орынбасары:

– Қалалық ішкі істер басқармасы екінші полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше ұрлық фактісіне қатысы бар екі тұрғынды құрықтады. Олардың бірі Қызылжар ауданының, екіншісі Петропавл қаласының тұрғыны. Баукеспелер бірден кінәларын мойындады.

Қос дөңгелекті көліктер тәркіленіп алынды. Ал факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары баукеспелердің осы сияқты басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексереді.


– А что вы хотели с ним сделать?

– Для себя.

– Как в подъезд попали?

– Подъезд открытый был.

Жалпы жыл басынан Петропавл қаласының аумағында 29 велосипед ұрлығы тіркелді. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары тұрғындар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейте түскен. Алаяқтардан жапа шеккендер бірден 102 нөміріне хабарласуы керек дейді полицейлер. Бұл – қылмыстың ізін суытпай ашуға септеседі.

Молдир Макишева