Спорт

Тәні саудың – жаны сау


Бұл жолы жерлестеріміз велошеру өткізді. Шара “Спорт сарайы” маңынан бастау алды. Кейін 60-тан аса шабандоз Потанин көшесі арқылы қала сыртына шықты. Бұдан соң олар шаһар ішімен жүріп өтті. Шеру барысында теріскейліктер 9 шақырым жолды еңсерді. Айта кетейік, акцияға 60-тағы қарттан, 6-дағы балаға дейін қатысты. Олардың барлығы Елбасының үндеуін қолдап, жерлестерімізді спортпен шұғылдануға шақырады.

Мирас Бірімжанов – шараға қатысушы:

– Спортпен айналысу керек. Өйткені, спорт – денсаулық кепілі.

Егор Парахин – шараға қатысушы:


– Менің жасым 5-те. 2 жасымнан бері велосипед тебемін. Осындай шараларға қатысып тұрамын. Түрлі сайыстарда да бақ сынадым. Болашақта Винокуров сияқты чемпион болғым келеді. Оған қоса мен акробатикаға да барамын.


Байболат Култанов