Балалар

1-ші маусым – халықаралық Балаларды қорғау күні

“Эра милосердия” қоғамдық бірлестігі мен “Улыбка” қайырымдылық қоры жеткіншектерге арналған кештерді жиі ұйымдастырады. Бүгін міне кезектісі өткізіліп отыр. Оған қатысуға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүгедек ұл-қыздар мен көп балалары отбасылардың кішкентай мүшелері шақырылыпты.

Галина Калинкина – “Эра милосердия” ҚБ төрайымы:


–  1-ші маусым – халықаралық Балаларды қорғау күні. Осы мереке қарсаңында біз көңілді кеш ұйымдастыруды шештік. Шараға 150 ұл-қыз келді. Бүгін осы кішкендай тұрғындардың көңілдерін көтеруге тарысамыз. Олар үшін жергілікті әншілер мен бишілер өнер көрсететін болады.

Кештің шырайын дәл осы өнер ұжымдары келтірді. Ортаға шыққан “Арай” ансамблінің қыздары өзбек биін бөлеп, жиналғандардың қошеметіне бөленді.

Мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілердің өнерін 7 баланың анасы Елена Даниленко қызыға тамашалап отыр. Ол бүгінгі салтанатқа екі қызы мен екі ұлын алып келіпті. Жерлесіміз мереке қарсаңында назардан тыс қалдырмай, көңілді кешке шақырған жандарға разы.

Елена Даниленко – көпбалалы анна:

– Бізді мерекелік шараларға әр жыл сайын шақырады. Осы үшін өте қуаныштымын. Кеш тамаша өтіп жатыр. Өзімнің де балаларының да көңілдері көтеріңкі. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Шара барысында ұйымдастырушылар түрлі қызықты ойындар ойнатты. Жеткіншектер көңіл көтеріп, уақыттары қызықты өтті.

– Бүгін үлкен мереке өтіп жатыр. Нысан іші керемет безендірілген. Осы жерден жаңа достар таптым.

 


– Жаңа ғана биші қыздар өнер көрсетті. Маған солардың өнері ұнады. Көйлектері де әдемі.

Бұдан бөлек, ұл-қыздар дастарханға жайылған дәмді-тәттілерден ауыз-тиді. Айта кеткен жөн, бұл мерекелік кешке Есіл ауданынан келген 6 бала да қатысты.

Байболат  Култанов