Аптадағы маңызды жаңалықтар

Шетел тілінен ауралыған 18 оқулық М.Қозыбаев атындағы СҚМУ бар

Филисофия және психология ілімдері. Бұл – жергілікті ЖОО-на түскен гуманитарлық бағыттағы кітаптардың бір парасы ғана. Шет тілдерінен қазақшаға тәржімаланған туындыларды оқытушылар алдағы оқу жылынан пайдаланатын болады. Жергілікті университетке жинақтар жеткілікті мөлшерде жеткізіліпті.

Мадияр Қожахмет – облыс әкімінің орынбасары:


– Шетел кітаптары жастарға өте қажет. Университетке 3,5 мың дана кітап түсті. Оларды оқытушылар мен студенттер дисертация мен дипломдық жұмыстарды жазғандай пайдалана алады.

Қазақстан өзге мемлекеттермен әріптестік байланыстарын нығайтуда. Осы орайда, шетелдіктердің дүниетанымы мен мәдениетін біліп, олармен тереземізді тең ету маңызды. Бұл ретте, жастарға әлемнің түрлі елдерінің ілімін қамтитын оқулықтар сеп болмақ. Филология ғылымдарының кандидаты Жанар Таласпаева “Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасының қазақ ғылымына беретін пайдасы мол дейді.

Жанар Таласпаева – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ Тіл және әдебиет институты “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі:


– Ресейдің профессоры Светлана Терминасованың қарым-қатынас туралы кітабы жақсы. Онда әр елдің мәдениеті туралы жазылған.

Студенттер де гуманитарлық бағыттағы жинақтардың біразын қазақ тілінде оқуға мүмкіндік алғандарына қуанышты. Тарих, экономика және құқық факультетінің студенті Тоғжан Дүйсенғали шетел философы Энтонни Кэннийдің кітабын оқуға алды.

Тоғжан Дүйсенғали- М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:


– Кейбір жастар орысша, ағылшынша білмейді. Бұл кітаптар солар үшінде жақсы болды.


Жиын барысында жастарға өзге де кітаптар жайлы мәлімет берілді. Жалпы университеттің кітапхана қоры 3,5 мың дана оқулықпен толықты.

Берік Қасен