ТЖ

Өрт сөндірушілердің оқу-жаттығу жиындары өтті

Оқу-жаттығу жиынының сценарийі бойынша қызыл жалын орталықтың ойын залында орын алды. Алып ғимараттың 5-ші қабатында шартты түрде будақтаған қою түтін мен өрттің өзге аумақтарға да таралу қаупі бар. Суыт хабарды қабылдаған өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлері оқиға орнына дер кезінде жетіп, жалынды ауыздықтауға күш салды.

Мұса Жақсыбаев – Петропавл қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері:

– Құтқарушылар ойын-сауық ғимаратынан 320 адамды қауіпсіз жерге шығарып, тілсіз жауды сөндірумен болды. Қызыл жалып жарты сағатта ауыздықталды. Жалпы департаментке қарасты өрт сөндіру бөлімдері тоқсан сайын осындай дайындық шараларын жүргізіп отырады.

“Мадагаскар” ойын-сауық орталығының әкімшілігі де өрт сөндірушілердің жедел түрде әрекет еткенін айтады. Апат орын ала қалған жағдайда ғимарат ішіндегі адамдардың аман-қалуы бірнеше секундттармен де өлшенеді, – дейді көңіл-көтеру орталығының жетекшісі Олег Могильный.

Олег Могильный – “Мадагаскар” ОСО жетекшісі:

– Біздің нысан көлемі жағынан үлкен болғандықтан, өрт сөндірушілермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Ғимараттың барлық қабаттары автоматтандырылған су бүріккіштермен қамтамасыз етілген. Оған қоса сауда-саттық орталығының әр қабатында өрт сөндіру құралдары бар. Апаттық жағдай орын алған жағдайға қосымша есіктер де қарастырылған.

Жалпы бұл жолғы оқу-жаттығу жиындарына 11 бірлік арнайы көлік пен 40-тан аса өрт сөндіруші жұмылдырылды. Барлығы сала мамандары жыл соңына дейін 25 жедел-әрекет ету шарасын өткізуді межелеп отыр.


 

Бахыт Садвокасов