Спорт

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алқа отырысы өтті

Наурыз айының соңында теріскейге тексеріспен Президент әкімшілігінің және спорт істері жөніндегі комитеттің өкілдері келіп кеткен. Аудан орталықтарын аралаған мамандар біршама олқылықтарды анықтапты. Олардың бірқатарын өңір жетекшісінің орынбасары Мадияр Қожахметке облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин баяндады.

Руслан Есеналин – СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

– Бүгінде облыстық спорт мектептерінде қажетті жабдықтардың тек 28 пайызы ғана бар. Толық қамту үшін жылына 700 млн теңгедей қаржы қажет. Ал, бөлінетіні 5-6 есеге аз. Дене шынықтыру және сауықтандыру кешендері 9 аудан орталығында жоқ. Аудандардағы спорттық мектептердің материалдық-техникалық базасы ақсап тұр. Сондай-ақ, бізде ұлттық спорт түрлері мен ат спортының жағдайы мүшкіл. Асық атып, көкпар тартуға құмар теріскейліктердің саны аз.

Ал, облыс орталығында жағдай аудандарға қарағанда біршама жақсы. Соңғы жылда спортпен тұрақты түрде айналысатын қалалықтардың саны 1100-ге өсіп, шамамен 65 мыңды құраған. Жергілікті тұрғындар спорттың 72 түрімен айналысады.


Облыс бойынша барлығы мыңнан астам спорттық ұйым мен мектептер жұмыс істейді. Бірақ, тәрбиеленушілерінің көпшілігі өз күштерін республикалық не халықаралық жарыстарда сынай алмай жүрген көрінеді. Оған қаржыландырудың аздығы қолбайлау болып отыр.

Мадияр Қожахмет – СҚО әкімінің орынбасары:

– Бұл мәселені селекторлық жиынның қарауына ұсынамын. Негізі, айтарым, мұндай жарыстарға жіберу үшін қомақты қаржы қажет емес. Сондықтан, дене шынықтыру және спорт бөлімдері мен әкімдіктер спортшыларды сайыстарға қосымша ақша бөліп не демеушілерді тауып жөнелтулері тиіс. Бюджеттің аздығын сылтау қылмаңыздар. Ақшаны табуға болады.

Отырыста жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру мәселесі де сөз болды. Заң бойынша олар әр 5 жыл сайын тиісті курстардан өтіп, білімін шыңдап отыруы тиіс екен. Бірақ, спорт мектептерінің көбі ақша үнемдеп, оларды жібермейтін көрінеді.

Есілбай Омаров – БЖСМ жұмысы жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы басышысының міндетін атқарушы:




Сондай-ақ, болашақ кадрларды даярлау мәселесі де жуық арада шешімін таппақ. Петропавлдағы спорттық мектеп-интернат базасында колледж ашу жоспарланып отыр. Мұнда спорттың біршама түрінен білікті жаттықтырушылар даярланатын болады.


 

Саят Ермек