Без категории

Халықаралық мұражай күні қарсаңында іс-шара өткізілді

Музей түні шарасы әлемнің 150-ден астам мемлекетінде ұйымдастырылады. Қазақстанда бұл іс-шара алғаш рет 2006 жылы өтті. Ал, біздің өңірде бұл – екінші мұражай түні. Осыған орай Абылай хан Резиденциясы көрермендерге шағын концерт пен ойындар әзірлеген

Әсемгүл Қыдбекова – “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені директорының орынбасары:

– “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында және халықаралық мұражай күні қарсаңында біз осы іс-шараны өткізіп отырмыз. Мұражай түні шарасына қаламыздың студенттері мен оқушылары және филармония әншілері қатысуда.

Мұражай қызметкерлері бұл түні келушілерге “Ғасыр қойнауындағы тарих” атты квест ойынын әзірлеген. Ойынның шарты бойынша 3-4 адамнан тұратын әр командаға “Саяхатшы кітабы” ұсынылады. Ойыншылар барлық шарттарды 30 минут ішінде өтулері тиіс. Келушілердің арасында 7 сынып оқушысы Мирас Құрманғали де бар.

Мирас Құрманғали:

– Музей түні болады деп естіген соң досыммен бірге осында келдік. Казір квест ойынына қатысып, бағымызды сынап жатырмыз.

Танымдық шара жастардың көңілінен шықты.

– Мұражай түніне отбасымызбен бірге келдік. Балапандарымызға ұнап жатыр. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

–  Осындай акция жиі өткізіліп тұрса жақсы болар еді. Жастарға берері мол.

Ешкенова Дана