Қоғам

Шамадан тыс левомицетині бар шұжық өнімдері анықталды

Шамадан тыс левомицетин антибиотиктері бар шұжық өнімдерінің үлгілері шаһардың сауда орындары мен базарларына жүргізілген рейд барысында алынған. Кейін “Ұлттық сараптау орталығының” сарапшылары бұл тағамның талаптарға сәйкес келмейтінін анықтыпты.

Еркін Ыбраев – Петропавл қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

– Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды реттеу үшін сараптама қорытындылары белгілі болысымен, комиссиялық шешімді күтпей тауарды сөреден алынып тастадық. 12 келідей зиянды шұжық өнімі крематор-пеште толық өрттелді. Тұрғындардың денсаулығына қауіп төдіретін азық-түлік өнімдерінің құрамында ауытқушылық байқалса, біздің қызметкерлер бірден әрекет етеді.

Шұжықтың құрамына левомицетиннің шектен қосылғаны мына шетелдік құрылғының көмегімен анықталған. Осылайша, ет өнімдерінің бірінде оның мөлшері нормадан 50 есе көп болса, 2-шісінде антибиотик мөлшері 90 есе жоғары болған.

Ботагөз Алмұрзина – лаборанты:

– Тәртіп бойынша 1 келіге шаққанда антибиотиктің үлесі 0,001 милиграммнан аспауы қажет. Сонымен бірге ет өнімдерінің құрамынан левомицетиннен өзге, тетрациклин тобындағы антибиотиктер де табылып отырады.

“Ұлттық сараптау орталығының” мына лабороториясында, зертханашылар ет өнімдерін таңбалаудағы ауытқушылықтарды да анықтай алады.

Жанара Күбенова – “Ұлттық сараптау орталығы” СҚФ бактерилологиялық зертхана маманы:

– Көп жағдайда біз консервіленген ет өнімдерінен сәйкессіздікті байқап жатамыз. Мәселен, сыртында сиыр еті бар деген жазу болғанымен, ішінде шошқа еті болуы ғажап емес.

Зертхана талдаулары шетелден жеткізілетін гендік модифицикацияланған тауарларды да көрсете алады.

Бахыт Садвокасов