Спорт

Шаһарда Президенттік көпсайыс өтуде

Мына жерде спартакиада қатысушылары жарысқа дайындықтарын пысықтауда. Солардың бірі – Дана Макимова. Атырау облысынан келген жасөспірім бұл спартакиадаға біраз уақыт әзірленгенін айтады. Дана бұған дейін де осындай жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінген екен. Бұл жолыда жақсы нәтиже көрсететініне нық сенімді.

Дана Макимова – жарысқа қатысушы, Атырау қаласы:


– Жарыс жоғары деңгейде өтуде. Бұл спорт түрімен 3 жыл айналысамын. Көрсеткіштерім де жаман емес. Республикалық көпсайыстық спартакиадаға екінші рет қатысудамын.

Жазғы спартакиадада өз бақтарын біздің жерлестеріміз де сынап жатыр. Мәселен, Александр Ануфриев осыған дейін тек жүзумен айналысса, бүгінгі жарыста спорттың 5 бірдей түрінен сынға түспек. Солардың бірі 100 метрді жылдам жүгіріп өту.

Александр Ануфриев – жарысқа қатысушы:


– Бұл көпсайыстың ішінен жаныма жақыны – жүзу. Бұл спорт түрімен кішкетайымнан айналысамын. Бірақ, жүгіруден де осал емеспін. Сондықтан, мәреге екінші болып келдім.

9-жазғы спартакиаданың президенттік көпсайысына Петропавл мен Қазақстанның 7 облысының спортшылары жиылды. Қатысушылар екі топта, яғни, 14-15 және 16-17 жас аралығында шеберлік байқасты. Көпсайысқа найза лақтыру, жүзу, винтовкадан ату және 1000 метрден 3000 мың метрге дейін жүгіріп өту жарыстары кіреді.

Қанат Садуақас – СҚО білім басқармасының өңірлік дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери-даярлық оқу-әдістемелік орталығының басшысы:

 


– Өңірімізде 20-24 мамыр аралығында Президенттік көпсайыс өтуде. Жарыста 70-ке жуық спортшы өзара мықтыны анықтауда.

Аталмыш сайыстың жеңімпаздары мамырдың 24-і анықталады.

Дана  Ешкенова