Балалар

Роботтардың көрмесі ашылды

 

Көрмеге роботтар мен трансформерлердің түр-түрі шығарылған. Олардың барлығы белгілі фильмдердің персонаждары. Мәселен, мына құлтемір – “Чаппи” филімінің кейіпкері. Сюжет бойынша ол тәртіп сақшысы болып қызмет етеді. Қылмыскерлерді ұстап, адамдарға көмектеседі.

– Ал бұл – мегатрон. Балалардың сүйікті фильмі “Трансформерлердегі” кейіпкерлердің бірі. Ол десептикондардың жетекшісі ретінде белгілі. Құлтемірдің салмағы – 5,7 тоннаны құрайды. Ал биіктігі – 10,7 метр.

Ал бізге жеткізілген “Алып роботтардың” биіктігі – 3 метр, салмағы 1,5 тоннаға жуық. Құлтемірлерді Мәскеулік музей қызметкерлерінен құралған бір топ команда құрастырып шығарған. Олар трансформерлерді үлкендіктеріне қарай, әр түрлі уақыт аралығында жинаған екен. Мәселен, бір роботты жасап шығу үшін бір айдан аса уақыт кетіпті. Шеберлер темір мүсіндерді жинау барысында, керексіз қалған металл мен көліктердің жарамсыз бөлшектерін қолданыпты. Жалпы бұл көрмеге 9 туынды қойылған.

Олеся Казанцева – көрменің менеджері:

– Бұл көрме отбасымен бірге тамашалауға арналған. Әсіресе, балалардың көңілінен шығады деген ойдамыз. Осыған дейін динозаврлардың көрмесімен келген болатынбыз. Кейін роботтар мен трансформерлерді құрастырып, қайта осындай шара ұйымдастыруды жөн көрдік. Жұмыс барысында жеңіл көліктердің мойынтірегі, серіппе, болт, шынжыр сияқты қосалқы бөлшектер қолданылды. Тіпті өрт сөндіргіштен жасалған детальдар да бар. Жалпы көрме шілденің 1-не дейін жалғасады.

Көрмеге келгендер роботтар мен трансформерлерді тамашалап, темір алыптармен суретке түсуге асықты. Әсіресе, шынайы көрінетін роботтарға кішкентай балалар тәнті болды.

– Менің сүйікті кейіпкерім Бамблби. Ол өте мықты және күшті.

– Мұндай темір роботтарды мультфильмдер мен фильмдерде ғана көрдім. Бүгін қасында тұрып суретке түстім.

– Менің сүйікті кейіпкерім – Оптимус Прайм. Ол барлық әлемді зұлымдықтан сқтап қалды. Мен де сол робот сияқты батыл, әрі ержүрек болсам деймін.

Сондай-ақ, келушілер виртуалды шындық аттрационында көңіл көтере алады. Алып роботтармен фотоға түсіп, уақытты қызықты өткіземін дейтіндер үшін көрме еісігі таңғы сағат 10-нан, кешкі 22:00-ге дейін ашық. Билет құны балаларға – 1000, ересектерге – 1200 теңге. Ал 4 жасқа дейінгі ұл-қыздарға кіру тегін. Ерекше көрме “Сити-молл” сауда ойын-сауық кешенінде қанат жайған.

Молдир Макишева