Құқық қорғау органдары

Жерлестеріміз облыстық ІІД мұражайымен танысты

Мұражай жәдігерлерін тамашалауға келгендердің арасында жастар ғана емес, аға буын өкілдері да бар. Сондай-ақ, музейді ҚР ІІМ ұйымдастырған бірінші чемпионатқа келген палуандар да аралап, танымдық көрмені қызықтады. Аққайыңдар өлкесінің тарихынан сыр шертер ақпаратқа департаменттің жеке құрамы мен қоғамдық бірлестік өкілдері де қанық болды. Шарада мұражайға келушілер назарына театрландырылған қойылым ұсынылды. Осы ретте айту керек, ведомство жанындағы мұражай республикадағы өзге орталықтардың арасында көш бастап тұр.

Любовь Осинская – СҚО ІІД мұражайының меңгерушісі:

– Мұражайда сақтаулған сан-алуан жәдігерлердің барлығы құнды. Көрмедегі көне суық қару-жарақтардың басым бөлігі тәртіп сақшыларын жазым еткен. Ал кей суық қару түрлері бірнеше қылмыстық істе көрініп қалған. Мұндағы экспонаттар қорқынышты болғанымен, ішкі істер органдары шежіресінің бір бөлігі болып саналады.

 

Бахыт Садвокасов