Қоғам

Кәсіпкерлерге қоғамдық бақылау картасы таныстырылды

Өңірімізде 30 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бүгінде осы салада еңбектенетіндер шама шарқынша экономиканың дамуына өзінше үлес қосып келеді. Олар өнім көлемін ұлғайтып, жұмыспен қамтылғандардың санын көбейтуде.Бірақ статистиканы қуған кейбір лауазымды тұлғалар қызметін асыра пайдаланып, іскер жандарға қысым жасайтын көрінеді. Кәсіпкер Екпін Әбиевтің сөзіне қарағанда, бизнесмендердің көбі шағымдарын айтпайды.

Екпін Әбиев – “Екпін-2002” ЖШС директоры:


– Елбасы мараторииді жариялады. Кәсіпкерлердің ішкі шаруасына араласпау керек. Ішкі жалпы өнімнің 40 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік субектілерінен түседі.

Жиналыс барысында бизнесмендерге «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы туралы айтылды. Қазіргі таңда азаматтардың басым көпшілігі әлеуметтік желілерді пайдаланады. Кез-келген іскер жанның осы орайда, WhatsApp желісі арқылы құқықбұзушылықтар туралы фотосуреттерді, видео, аудио жазбаларды мүдделі органдарға жолдау мүмкіндігі бар.

Екпін Әбиев – “Екпін-2002” ЖШС директоры:


– Жемқорлық фактілері жайлы ватсап желісімен видео, аудио шағымдар жіберген жақсы. Ыңғайлы. Өйткені кейбір кәсіпкерлер құқық қорғау органдарына барып жатпайды.

Мұндай жиындарды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті
түрлі мекемелерде өткізіп жүр.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті басшысы:


– Жемқорлыққа қарсы күрес түрлері көп. Біз осы жиындарға заң нормаларын түсіндіреміз.

Үстіміздегі жылдың І тоқсанында жеке тұлғалардан 15 шағым түсіпті. Дені жөнделген жолдардың сапасына қатысты. Арыздардың барлығы құқық қорғау органдарына жолданған.

Берік Қасен