Көлік және жолдар

Жолдар қалыпқа келтірілуде

Мағжан Ахмадина – тілші:


– Петропавл-Қорған» бағыты бойынша қатынайтын тұрғындар жол учаскесінің осыған дейінгі жағдайын жақсы біледі. Бұл жер кедейдің шапаныдай шұрық-тесік болған еді. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары басталған. Әзірге, қалыпқа келтіру шаралары жүргізушілерге ыңғайсыздық тудырса да, шыдамдылық таныту қажет.

Алдағы уақытта бұл жол учаскесі талаптарға сай етіп жасалмақ. Қазір бұл жерде «К-Дорстрой» компаниясы тисіті жұмыстар жүргізіп жатыр. Кей жерлерінде асфальт жабындысы төселіп қойған.

Юрий Ивашов – «К-Дорстрой» АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:


–  Мына учаскіде қалыңдығы 13 см болатын асфальт-бетон жабындысын төсеп жатырмыз. Оны ертерек жабар едік. Бірақ ауа райы аса қолайлы болмады. Сондықтан бұл жұмыстарға енді кірістік. Бұдан соң тағы екі үш қабат жабындылар төселеді. Мынау алғашқы кезеңі ғана. Бұрын жолдың ені 6-7 метр болатын. Біздер оны ұлғайтып, кей жерлерінде енін 13 метрге дейін жеткізбекпіз. Жалпы жөнделуі тиіс жолдың ұзындығы 60 шақырым, биыл біздер соның 30 шақырымын аяқтамақпыз.

Бұл жерге 400 бірлік техника мен 600 адам жұмылдырылған. Айта кетейік, еңбеккерлердің 80 пайызы жергілікті тұрғындар. Мына учаскіде асфальт жабындысының алғашқы қабаты төселіп жатса, келесі бір жерде жолға қиыршық тас жайылып жатыр. Бұл жерде мамандар заманауи технологияны қолданып жатыр.

Юрий Ивашов – «К-Дорстрой» АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:


–  Грейдер котопейлерге навигатор құрылғысын орнаттық. Ол төмпешіктерді тегістеуде таптырмас құрал болып табылады. Автоматты түрде жұмыс жасайтын қондырғыны осы учаскіде ғана қолданып жатырмыз.

Құрылыс жұмыстарының әр кезеңі жіті бақылауда. Қалыпқа келтіру шараларының жүргізілу барысын астаналық «Сапа СЗ» кәсіпорыны қадағалауға алған. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жағырту шаралары өткен жылдың күзінде басталған. Оны жүзеге асыруға 27 млрд теңге қаржы бағытталыпты. Былтыр соның 5, ал жыл соңына дейін 11 млрд теңгесін иегру көзделіп отыр. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша 2019 жылы аяқталмақ. Бұдан бөлек, ұлттық компания бірқатар жол учаскілерінде жөндеу жұмыстарын бастап кеткен.

Амир Каримбаев- «Қазавтожол» ҰК АҚ СҚОФ директорының орынбасары:


–  Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары шеңберінде облыс бойынша Ресейге апратын өткізу бекеттерінде де жөндеу жүргізілуде. Қарағоғада аяқталуға жақын.

Тағы орташа жөндеу жұмыстары 148 шақырым болатын 3 жол учаскісінде жүргізіліп, Талшық, Петропавл және Булаево қалаларына кіре беріс жолдарға жарық шамдар орнатылатын болады. Жалпы «Қазавтожол» ҰК-ның қарамағына облыс аумағындағы республикалық маңызға ие 1468 шақырым жол кіреді. Биыл соның 209 шақырымы жөндеу көрмек. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

 

Мағжан Ахмадина