Балалар

Игібай Әлібаевтың туғанына – 115 жыл

Игібай Әлібаевтің есімі әдебиет әлемінде алтын әріптермен жазылып қалды. Ол – халық ақыны, талантты сазгер, күміс көмей әнші. Талай жыл ұстаздықтық қызметті де атқарған азамат. Ерекше дарын иесі жайлы Алаштың шоқтығы биік тұлғалары қалам тербеген. Сол ескірмес естеліктер жерлесіміздің 115 жылдық мерейтойына арналған бүгінгі жиында айтылып жатыр.

Күлизат Шақатова – Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар- жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы:


– Игібай Әлібаев – ерекше жан. Оның Айтуар атты кітабы. Ол туралы Сәбит Мұқанов көп жазды.

Ақынның жалғыз “Айтуар” атты жыр кітабы 1974-ші жылы шықты. Ол еңбекке негізінен жерлесіміздің туған ауылы жайлы шығарған өлеңдері еніпті. Дарын иесінің бұдан да көп жинақтары болар ма еді. Егер де баспаға дайын тұрған жерінен “Үкілі домбыра” атты үлкен туындысы жоғалмағанда. Тағы “Өтеген”, “Батыр”, “Биші қыз”, “Жұлдызды қыз” атты поэмалары жарық көргенде. Дегенмен бұл жұмыстар бір жинаққа топтастырылып, биыл басылып қалуы әбден мүмкін.

Санжар Жекеев – Игібай Әлібаевтің балдызы:


–  Ол кісінің көптеген еңбектерін Қайолла Мұқанов ағамыз жинап баспаға дайындап қойды. Енді сол еңбектерді кітап қылып шығаруды жоспарлар отырмыз.

Әдеби-сазды кеш барысында жиналғандар Игібай Әлібаевтің шығармашылығына тоқталды. Жастар ақынның өлеңдерін оқыды.

Жерлесіміздің туындыларын талай додада жүлделі болып жүрген жас айтыскер ақын Шынғысхан Ғабдуллин де сүйіп оқиды екен. Ол дарын иесінің шығармаларын бойға сіңіру арқылы білімін толықтырып, шабытын арттыратын көрінеді.

Шынғысхан Ғабдуллин – жас ақын:


–  Аламанға түскен кезде шабыт керек. Сол шабытты Игібай Әлібаев сынды аталарымыздың кітаптарын оқу арқылы аламын.

Кеш соңында жергілік суырып-салма ақындар айтыс ұйымдастырды.

 

Байболат Бектемірұлы