Мәдениет

MEN QAZAQPYN музыкалық жобасы жаңа таланттарды іздейді

«MEN QAZAQPYN» музыкалық жобасы Елбасының “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында былтыр қолға алынған болатын. Аталмыш жоба көне ән-күй, жыр-термелерді дамытып, төл өнерімізді бүгінгі күн талабына сай түрлендіріп, оны өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат етеді. Өткен жылы бұл байқауға өңір атынан Біржан Есжанов қатысты. Өнерпаз жерлесіміз «MEN QAZAQPYN» музыкалық жобасының арқасында облысымызда термешілер мектебі қалыптасады деген үмітте.

Біржан Есжанов – дәстүрлі әнші:


– Мысалы, Бізде термешілер мектебі қалыптаспаған.

“MEN QAZAQPYN” байқауының аудандық іріктеу турлары мамырдың 21-і мен маусымның 5-і аралығында өтпек. Облыстық кезеңі маусымның 16-сына белгіленген. Іріктеу кезеңдерінің барысы жергілікті “QYZYLJAR” телеарнасынан көрсетілетін болады.
«MEN QAZAQPYN» жобасы халықаралық сипатқа ие. Сондықтан, ұлттық мүддеге бағытталған игі шарада отандастарымыздан бөлек, алыс-жақын шетелдерде тұратын 18 бен 40 жас аралығындағы қандастарымыз да бағын сынай алады.

Сағындық Мауғазин – “QYZYLJAR” телеарнасы директорының орынбасары:


– Жобаның идеясы облыс орталықта маусым шілде айларында ірікте тамыз қазан қараша айларында казмедиа орталықтарын болатын.

Өнерпаздардың деңгейін өнер майталмандары мен зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасы анықтайды. Телевизиялық жобада өз бақтарын арнайы білімі жоқ дәстүрлі әнші, термеші, күйшілер де сынай алады.
«MEN QAZAQPYN» халықаралық телевизиялық жобасында үміткерлер қазыларды әнімен ғана емес, сәнімен де баурап алу тиіс болады. Яғни, бұл байқауда өнерпаздың ұлттық нақыштағы киім үлгісіне де баса мән беріледі.

Берік Қасен