Мәдениет

Аймақтық семинар-тренинг жүріп жатыр

Бұл – еліміздің түкпір-түкпірінде жыл сайын өткізілетін іс-шара. 6 жыл ішінде семинар-тренинке 3 мыңнан астам адам қатысқан. Мұнда әрдайым ең өзекті тақырыптар көтеріледі. Мәселе, биылғы жиынға Елбасының Жолдауы, “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы мен 5 бастамасы негіз болуда. Аталған маңызды құжаттарда елімізді жаңа дейгейге көтеріп, халықтың әлеуетін арттыруға серпін беретін басым бағыттар көрсетілген. Оларды жүзеге асырудағы ҚХА алатын рөлі ерекше.

Леонид Прокопенко – ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі:


–  Бүгінгі іс-шарада ҚХА 26-шы сессиясының қорытындысы талқылануда. Арқау болып отырған басты тақырып – қоғамның әлеуметтік бірлігі. Тағы жуырда ғана Елбасы Ассамблея туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізген болатын. 27-ші сәуір күні ол өз күшіне енді. Жаңашылдықтардың басым бөлігі этномәдени бірлестіктерге қатысты. Енді, олар тек ұйым ретінде ғана емес, халықтың азаматтық ұстанымын айқын көрсететін институт ретінде жұмыс істемек
.

Нариман Төлепов Көкшетау қаласынан келіп отыр. Оның Ақмола облыстық «Қоғамдық келісім» ұйымын басқарғанын 1 ай ғана уақыт өткен. Сол себепті, этносаралық қарым-қатынасты реттеуде тәжірибе жинақта үшін семинар-тренингтің берері мол дейді.

Нариман Төлепов – «Қоғамдық келісім» КММ жетекшісі, Ақмола облысы:


– Облыс аумағында туындайтын ұлтаралық қарым-қатынастарды осы этнос өкілдерінің басшыларымен бірлесе отырып шешеміз. Сондықтан да, бұл ынтымақтастықты сақтауда ҚХА мүшелерінің алар орны зор.

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың алар орны, саяси партиялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс және интернеттегі құқықтық қауіпсіздік. Бұл тренингтерде сөз болатын тақырыптардың бір бөлігі ғана. Күн сайын тыңдаушылар аталған салалардағы білімдерін шыңдап, тәжірибе алмаса алады. Роксана Орынбасарова – ҚХА 26-шы сессиясына қатысқан теріскейлік делегаттардың бірі. Нәзікжандының айтуынша, Елбасы жүктеген міндеттердің барлығын солтүстікқазақстандық жастар орындауға бүгінде қызу кіріскен.

Роксана Орынбасарова – СҚО жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:


– Наурыздың 15-сінен ел бойынша «Жаңғыру жолы» атты жастар қозғалысы жұмыс істей бастады. Ұйымның мақсаты – Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласын өскелең ұрпақтың санасына жеткізу. Оның негізінде ауқымды іс-шаралар атқарылатын болады. Алдағы уақытта жастармен бірге өңіріміздің және еліміздің қасиетті жерлерін аралап, тарихымен таныспақпыз.

Шараға Ақмола, Қостанай және СҚ облысынан 70-тен астам адам қатысуда. Семинар-тренинг үш күнге созылмақ.

Эльмира Садвокасова