Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жаңа басшылар тағайындалды

32 жастағы азамат еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласында кеден декларанты болып бастаған. Кейін 2008-2014 жылдар аралығында Индустрия және сауда министрлігінде қызмет етті. Тағы «New – Texnoloqy» технологиялық жарықтандыру серіктестігінде еңбектеніпті. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысын да көпшілікке таныстырды. Бұл ведомствоға енді Тимур Сұлтанғазиев жетекшілік етеді. Азамат «дәрігер» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық университетін, «жалпы хирургия» бойынша интернатураны тәмамдаған. Бұған қоса, АҚШ-тың «Тюлейн» жоғарғы оқу орнын бітірді. Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласындағы балалар ауруханасында бастапты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

 


– 2005-2006 жылдары Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде лаборант болып жұмыс істеді. 2010-2013 жж ұлттық медицина холдингінде қызмет етті.