Құрылыс

16 қабатты үй қолданысқа берілді

Сапалы баспанада тұру – барша қызылжарлықтардың арманы. Ал талапқа сай, заманауи, зәулім әрі дизайны бойынша ерекше үйлерді тұрғызып жатқан компаниялардың бірден-бірі – сөзсіз «Казградстрой». Компания құрылысшылары тұрғызған нысандардың барлығы теріскейліктердің көңілінен шығып, қолдау тапқан. Ал, бұл серіктестіктің қолданысқа беріп жатқан осымен 12-ші үйі. Сондықтан, компания пәтер иелері үшін ерекше мереке ұйымдастырған.

Пәтер қаржысын үй салынып біткенше дейін бөліп төлеуге болады. Мәселен, құрылыс басталғанда 16 қабатты үйдің 1 шаршы метрі – 160 мың теңгені құрапты. Уақыт өткен сайын оның құны арта түседі. Бағлан Бралина көп ұзамай қоныс тойын тойлайтындардың қатарында. Сондықтан да, бүгін нәзікжанды үшін ерекше күн. Ол көптен күткен әрі арманындағы баспанасына қол жеткізбек. Ендігі кезекте, кең, ыңғайлы пәтерде отбасыммен тұрамын дейді қала тұрғыны.

Бағлан Бралина – қала тұрғыны:


– “Казградстройды” таңдаған себебіміз – жаңа ықшам ауданда тұрғызылып жатыр. Үйлері сапалы. Балаларға арналған алаңқайлары да керемет.

Жалпы, компания «Қызылжар» кешенінің құрылысын 2014-ші жылдың сәуірінде бастаған. «Жас өркен» ықшам ауданында бой көтерген 12 және 16 қабатты үйлер көз тартарлық. Сыртқы бейнесінен бөлек, тұтас тастан жасалған олардың сапасына да ешкім мін таға алмайды. Себебі, бұл ең берік әрі жылы нысан болып саналады. Кешенге кіретін 4 үйдің біреуі 2016 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген. Наталья Рахимова сол уақытта 160 пәтердің біреуіне қол жеткізіпті. 84 шаршы метрді құрайтын баспананың дизайнынан бөлек, жобасын да отбасы өздері қарастырған. Сонысымен де, «Казградстрой» компаниясының үйлері өте ыңғайлы дейді нәзікжанды.

Наталья Рахимова – қала тұрғыны:


– Бұл үйде тұрып жатқанымызға бір жарым жыл болды. Баспана ешбір жөндеусіз тапсырылады. Оны өз қалауымызша жасадық. Сапасына көңіліміз толады. Бұған қоса, үй – жаңа дамып келе жатқан ықшам ауданда. «Казградстрой» компаниясына алғысымызда білдіреміз. Өз ісінің шеберлері екенінде дау жоқ.

Компанияны таңдаған тұрғындар үшін барлық жағдай жасаған. Мұнда заманауи лифттердің екі түрі бар. Бірі тұрғындарға арналса, екіншісі ауыр жүктерге қарастырылған. Бұдан бөлек, жерасты паркингі мен балаларға арналған алаңқай да бар. Сондықтан да, «Қызылжар» кешенінің тұрғындары жасаған таңдаулары үшін еш өкінбейді.

– Екі айдай тұрып жатырмыз. Үй жаман емес.


– Бұл – шаһарымыздағы ең әдемі әрі ыңғайлы үй деп ойлаймын. Балалар үшін не керектің барлығы бар. Менің 3 қызым демалыс күндері бос уақыттарын далада өткізетін болды.


– Бұл тұтас тастан жасалған үй. Сондықтан да , сапалы, заманауи, бір сөзбен айтқанда керемет баспана деп айта аламын.

Балалар алаңқайының аумағы – 1454 шаршы метрді құрайды. Футбол және баскетбол алаңдарынан бөлек, балғындар мен кішкентай бүлдіршіндерге арналған әткеншектер де бар. Саша Калинина ағасымен мұнда күнде келеді екен.

Александра Калинина:


– Алаңда төбешіктердің түр-түрі бар. Жүгіріп, түрлі ойындарды ойнауға арналған бос жер де өте көп. Ең бастысы, абайсызда құлап қалсаң, жарақат алмайсың.

«Қызылжар» кешеніне кіретін келесі үй үстіміздегі жылдың шілдесінде қолданысқа берілмек. Алайда, бұл баспаналар компанияның жоспарындағы жалғыз жоба емес.

Александр Авдеев- «Казградстрой» ЖШС бас директоры:


– Ең басты жобамыз – Есіл өзенінің жағалуын жасау. Ол жерде 6 25-қабатты үй тұрғызылады. Бұдан бөлек, «Мега» ойын-сауық орталығы, океанариум салуды жоспарлап отырмыз. Тағы балаларға арналған үлкен ойын орталығы болады.

Ал алдағы уақытта екі бюджеттік баспана мен Н.Погодин атындағы орыс драма театрының қасында 18 қабатты «Трио кешені» бой көтермек.

 

Эльмира Сәдуақасова