Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері 22 адамға іздеу салынған

Полиция қызметкерлерінің айтуынша жоғалған адамнан бір тәулік ішінде хабар түспесе, оны бірден сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізеді. Содан екейін тәртіп сақшылары жоғалған азаматтың жақындары мен таныстарын аралап, болуы мүмкін деген жерлерді де бақылауда ұстайды.

Андрей Бондаренко, СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:


– Әрбір келіп түскен арыз бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіледі. Қазіргі таңда 1994 жылғы Денис Евгеньевич Виниченкоға іздеу жарияланып отыр. Ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жас жігіттің үстінде ақшыл көк куртка, көк джинсы болған. Бойы – 185 сантиметр. Дене бітімі арықтау келген. Шашы – қоңыр сары. Полицейлер бұл азамат туралы қандай да бір мәлімет білген жандардан 39-41-78, 39-41-79 немесе 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша 22 адамға іздеу жарияланған екен. Бардығы да әдеттегідей үйінен шығып кетіп, қайта оралмағандар. Тәртіп сақшылары олардың 18-ін тапқан.
Ал, қылмыс жасады деген күдікпен үстіміздегі жылы 40-қа жуық солтүстікқазақстандыққа іздеу салыныпты. Басым бөлігі құрықталған. Қолға түспеген 7-уі әлі күнге дейін бостандықта жүр.

Эльмира Садвокасова