Денсаулық сақтау

Петропавлға Санкт-Петербургтық дәрігерлер келеді

Бірінші желке омыртқасының зақымдануы мойын бұлшық еттерінің жиырылып, жүйке жолдарының түйіліп, қан айналымының бұзылуына әкеп соқтырады. “Атланттың” жылжып кетуіне жол-көлік апатында не өндіріс барысында алған жарақаттар, тіпті бала туу кезінде сәбиге келтірілген зақым себепші болып жатады. Адамды қалыпты өмірге қайта оралтуға бірегей швейцариялық әдістеменің қауқары бар. Петерборлық дәрігерлер болса, аталған әдісті жемісті пайдаланып келеді.

Владимир Бочановский, Санкт-Петербургтық “Атлант” медициналық орталығының дәрігер-ребилитологы, РФ:

– Біздің орталық краниовертебралды аймақтың жұмысын қалыпқа келтірумен айналысады. Бұл аймақ бас сүйек пен омыртқаны жалғайды, миды қанмен қамтамасыз етеді. Тың технологияның көмегімен біз бұл зонадағы бұлшық ет пен буындардың жұмысын қалыпқа келтіреміз.

Петерборлық ақ халаттылар бұл тың әдісті үш жыл ішінде сәтті меңгеріп, бүгінге дейін Ресей мен Қазақстандағы мыңдаған науқасқа кешенді көмек көрсетіп үлгерген.

Максим Иванов, Санкт-Петербургтық “Атлант” медициналық орталығының басшысы, РФ:

– Бұл жабдық ауырсыну мен ыңғайсыздықты жоюға көмектеседі. Нәтижесінде адамның денесі сауығып, ауруға дейінгі қалыпты жағдайға қайта оралады.

Ем-домның оң әсерін сезіну үшін бір процедураның өзі жеткілікті дейді ресейлік мамандар. Ол тек 15 минутқа созылады. Ал ауру қайтып келмес үшін пациент реабилитациядан өту керек.

Людмила Васюк:

– Таңертең төсектен тұрған кезде, белім ауыратын. Ал ем қабылдағаннан кейін, өзімді әлдеқайда жақсы сезініп жүрмін.

Ресейлік ақ халаттылар атлантпен байланысты дерттерге шалдыққан қалалықтарға мамырдың 11-і мен 16-сы аралығында көмектесе алады. Қабылдауға жазылу үшін 8-715-2-63-21-72 нөміріне хабарласу керек. Ем дом шаралары мен қажетті кеңес беру М.Жұмабаев көшесі 109 мекен жайындағы ғимараттың 7 қабатында орналасқан “Панацея” медициналық орталығында жүргізіледі.


Молдир Макишева