Аптадағы маңызды жаңалықтар

Бизнес сабақтары

Бизнестің қыр-сырын меңгеремін деген аққайыңдықтарға кәсіпкерлер палатасының мамандары көмек көрсетуде. Олар “бастау бизнес” жобасы жайлы айтып, оның артықшылығын әңгімелеп жатыр.

Рахымбек Зейнуллин – СҚО кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері:


– Біз 12 модуль бойынша оқытып жатырмыз. Бұл жеке ісін бастаймын дегендер үшін өте маңызды. 1-ші модуль кәсіпкерлік психологиясы. Тұрғындар алғашқы келгенде не істерін білмейді. Соны үйретеміз. Салық режимдерін өтеміз. Оған қайсысын таңдаған тиімді екені айтамыз. Құқықтарын білу керек.

Топта 27 адам бар. Олар 30 күн бойы бизнес негіздерін үйреніп, 80 сағат лекция, 120 сағат жеке формат бойынша кеңестер алады. Мұнда отырған әр азаматтың өз ойы, идеясы бар. Мысалы, Сәуле Жантілесова балаларға арналған орталық ашпақшы.

Сәуле Жантілесова:


– Мен білім беру орталығын ашқым келеді. Ол 1 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналмақ. Оны тек білім беретін орын емес, жалпы балғындарды тәрбиелеуге арналған мекеме деп те атауға болады. Бұл жерде аналар сәбилерін де аздаған уақытқа қалдыра алады. Соған да мүмкіндік жасалмақ. Оқушы балаларға сабақтарын оқуға көмектесетін боламыз. Ондай орталықтар қалаларда бар. Ауданымызда да сондай орынды неге ашпасқа деген ой келді.

Аққайың ауданы бойынша аталған курстардан 147 адамды өткізу жоспарлануда.

Рахымбек Зейнуллин – СҚО кәсіпкерлер палатасының бизнес тренері:

 


– Бастау бизнес жобасына жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар қатыса алады. Курстар тегін жүргізледі. Және оларға 17 мың теңге степендия беріледі. Курс аяқталған соң оларға сертификаттар беріледі.Кейін 6 пайыздық үстемеақымен несие алуға болады.

Жалпы мұндай шаралар облысымыздың 13 ауданында өтіп жатыр. Мамандар жыл соңына дейін 2000-ға жуық солтүстікқазақстандыққа бизнес жүргізудің қыр-сырын ашпақ.

Магжан Ахмадина