Без категории

Ардагерлерге құрмет – ерлікке тағзым

Наталья Маркина мектепте оқып жүріп, майданға өзі сұранып кеткен. 9-шы сыныпты Мордовияның Рузаевка ауылында аяқтаған соң, Мәскеудегі снайперлерді дайындайтын орталық әйелдер мектебіне оқуға түседі. Бұл мектепті Кеңес Одағының батыры Алия Молдағұлова да аяқтаған.
Осылайша, 1943 жылы 18 жасар Наталья Маркина Ленинград үшін шайқасқа, сонымен қатар, Қырым, Украина, Белорусь, Литва жерлерін азат ету ұрыстарына қатысқан. Жауды жеңген нәзік жанды бейбіт елде бақытты ғұмыр кешіп, осыдан 22 жыл бұрын 71 жасында өмірден өткен.
Бүгінде Наталья Маркинаның отбасы оның өнегелі істері жайлы фото суреттерді парақтап, еске алып тұрады.

Наталья Салмина – ҰОС ардагерінің немересі:
– Кішкентай кезімізде, соғыс жайлы сұрағанда, ол бізге майдан туралы әңгіме айтуды ұнатпайтын. Сондықтан, апамыздың алғашқы ұрысы жайлы газеттен оқып білдік. Ленинград үшін шайқаста барлық горнизон бейтарап жолға жеткен кезде, фашистер минометтен атып, Қызыл әскерді талқандапты. Бұл шайқастан кейін, барлығы дерлік қаза тапқан. Бірақ апамыз тірі қалып, дүниеден өткен инспекторды арқалап, горнизонға дейін жеткізеді.

Наталья Андреевна елге оралған соң, ҰОС қатысқан ұландардың бірі – Михаил Салминмен отау тігеді. Отбасы 3 бала сүйеді. Бастыпқыда майдангерлердің жанұясы Кеңес Одағы құрамында болған Мордовияда түрлі жұмыстар атқарып, кейін 55 жылы Қазақстанға сол кездегі Торғай облысы Қайрақты ауылына көшіп келеді.

Галина Салмина – ҰОС ардагерінің қызы:


– Наталья Андреевна өз отбасысымен Қазақстанға көшіп келгеннен соң, аспазшы болып қызмет атқарады, кейін мектепте оқушыларға білім берген. Естеліктерінің негізінде «Снайперы» атты кітап жазған. Бұл кітапта, Ленинград үшін шайқасқа қатысқан барлық мергендер туралы мәлімет келтірілген. Сондай-ақ, оқулықта Кеңес Одағы батыр қызы Алия Молдағұловаға арнайы жазылған мақала бар.

1967 жылы жауынгер Мәскеуде 3-дəрежелі «Даңқ» және “Отан Соғысы” ордендерімен марапатталды. Сондай-ақ, мергенге “снайперлік төс белгісі” беріліп, “тың жерлерді игергені үшін” медальмен және тағы көптеген құрмет грамоталарға ие болды.
ҰОС-ның ардагері Наталья Маркинаға табысталған әр марапат жауынгердің ерлік үлгісінен сыр шертеді.