Без категории

Отан қорғаушылар күніне орай арнайы шығарылым 7.05.2018

– Осыдан тура 26 жыл бұрын, яғни 1992-нің 7-ші мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлығына сай дербес әскеріміз құрылды. Сол себепті осы дата Отан қорғаушылар күні деп белгіленді. Міне, содан бастап мемлекетімізде ерлік, міндет, абыройды қатар алып жүрген жандардың мерекесі әр жыл сай аталып келеді.

Мерейлі мереке дәстүрге сай солтүстікқазақстан облысында да жоғары деңгейде тойланды. Мейрамға орай қаламыздың басты алаңында салтанатты шара ұйымдастырылды. Жиын ортаға ту әкелуден басталды.

Кейін әнұранымыз шырқалды. Сағат тілі 11-ге таяғанда Жамбыл облысындағы “Отар” әскери базасында Елбасының қатысуымен ұйымдастырылған жауынгерлік парад та басталды. Ауқымды шара орталық алаңға келген теріскейліктерге тікелей эфирде көрсетілді. Дәстүрлі жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған 3 мыңнан астам әскери қатысып, 300 техника тарталыпты. Ел әскерінің айбынын көрсеткендердің арасында өңірімізден аттанған жауынгерлер де бар. Парад барысында жиналғандарды мерекемен ҚР Президенті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтап, өзінің лебізін білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы:

–  Өшпес даң пен өлшеусіз ерліктің өнегесіне айналған бабалар аманатына берік болайық. Баршаңызға амандық, бейбіт өмір, бақ-береке тілеймін. Мереке құтты болсын. Қазақстан Республикасының қарулы күштері жасай берсін.

Бұдан соң, теріскейліктерді, жауапты қызметтің жүгін арқалап жүрген әскерилерді 7-ші мамыр – Отан қорғаушылар күнімен өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловтың атынан орынбасары Антон Федяев те құттықтады.

Антон Федяев – СҚО әкімінің орынбасары:

–  Ұлы қазақ даласында ауыз толтырып айтарлық істерімен есте қалған батырлар көп болды. ҰОС-на да біздің жау жүрек отандастарымыз қатысты. Сол жандар оқ пен оттың ортасында күн кешіп, жеңісті жақындатты. Міне, біз сол Отан қорғаушылардың ұрпағымыз. Сондықтан да әскеріміздің әрқашан да абыройы асқақ болуы шарт. Өйткені олар – ел қорғандары. Мереке құтты болсын.

Әскери салада тер төгіп жүрген жандардың еңбегі еш қалмақ емес. Бүгінгі мерекеде 10-нан артық шенді түрлі марапатқа ие болды. Олардың кейбіріне ҚР ІІМ бұйрығымен 1-ші, 2-ші және 3-ші дәрежелі “Мінсіз қызметі үшін” медалі табысталды. Ал қалғандарына облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен алғыс хаттары берілді.

Облыс әкімінің Құрмет грамотасын алғандардың қатарында ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлiмi командирінің орынбасары Досан Куркенов те бар. Азамат талай жылдан бері айбынды жауынгерлерді дайындап келеді.

Досан Куркенов – ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлiмi командирінің орынбасары:

–  Жауынгерлерді Отанды сүйюге тәрбиелейміз. Бұл біздің міндетіміз, парызымыз.

Қаламызда да әскери парад ұйымдастырылды. Орталық алаңда қаз-қатар сап түзеген қарулы күштер құрамдары жиналғандар алдында оркестрдің сүйемелдеуімен жүріп өтті.

7-ші мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шара да жерлестеріміздің көңілінен шықты. Олар жауынгерлеріміз еліне адал болсын деп тілектерін білдірді.

– Жастарымыз әскерге барып елді қорғасын.

– Әскеріміз жақсы. Осындай қалыптан таймасын.

–  Мен өскенде әскерге барамын. Бұл барлық жігіттің парызы.

Бұл күні жиналған қауым мерекелік әскери шеруді ғана көріп қоймады. Олар Бәйкен Әшімовтың ескерткіші алдында кіреуке сауыт тоқыған жергілік шебер Ерғали Сәткеновтің өнерін тамашалады. Азамат келушілерге бабадан қалған мұраны жасаудың қыр-сырын түсіндірді. Он саусағынан өнері тамған ісмер бұл кәсіптің ұмыт болмай, жаңғырғанын қалайды.

Ерғали Сәткенов – химия-биология бағытындағы НЗМ өнер пәні мұғалімі:

–  Бабаларымыз сауыт киіп жауға шапқан, елді қорғаған. Сондықтан да сауыт жасау өнерін ұмытпауымыз қажет.

Тағы, осы жерде қылыштасу өнерінің шеберлері де үстеріне 12-14-ші ғасырлардағы жауынгерлердің киімін киіп, жиналғандарға өз қабілеттерін көрсетті.

Байболат  Култанов

***

– Қарасай мен Ағынтай батыр – қазақ тарихында ойып тұрып орнын алған тұлғалар. Қос жауынгер 17 ғасырда ұлан байтақ даламызды жау қолынан аман алып қалып, оны кейінгі ұрпаққа мирас етті. Бүгінде қаһармандарымыз батырлық пен батылдықтың символына айналды. Сондықтан да, дәстүрге сай Отан Қорғаушылар күнінде қызылжарлықтар қолбасшылар ескерткіштеріне гүл шоқтарын әкелуде.

Мереке күні еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткішіне жиылды. Қолдарына гүл шоқтарын ұстаған жүздеген теріскейлік қаһармандардың ерлігін еске алып, рухтарына тағзым етті.

Қазақ батырлары – жас ұрпаққа үлгі. Жауынгерлеріміз қасық қаны қалғанша, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен туған жерлерін қорғаумен болды. Қай уақытта болмасын, ер жігіттеріміз – еліміздің бейбітшілігін сақтауда аянбай еңбек етті. Бүгін де Қазақстанның елдігі мен егемендігін сақтап қалу осындай жауынгерлерімізден құралған айбынды әскерге жүктелген. Ал, олар болса, өз кезегінде бұл міндетті абыроймен атқарып келеді. Айбыны асқақ, мәртебесі биік Қарулы Күштердің қатары жыл сайын білікті сарбаздармен толығуда.

Бақытжан Мұсылман – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:

– Әскери қызметкер болу – менің кішкентай кезімнен бергі арманым. Ағамның жолын қуып, бүгін Петропавл қаласында білім алудамын. Жалпы, әрбір ер азамат – Отан алдындағы борышын өтеу қажет.

Ел қорғаны болған хас батырлардың ерлігін білу – мемлекет болашағы үшін маңызды дейді мектеп оқушылары.

–  Мен міндетті түрде әскерге барып, Отан алдындағы борышымды өтемекпін. Кейін болашағымды құткарушы мамандығымен байланыстырғым келеді. Бұл да ер жігіттерге арналған салалардың бірі деп санаймын.

– 7-ші мамыр – Отан қорғаушылар күні. Біз өзіміздің батырларымызды ұмытпауымыз қажет. Сондықтан, бүгін барлығымыз ескерткіш алдына жиналдық. 01-44 Кезінде Қарасай мен Ағынтай елімізді қорғап, бізге бейбіт өмір сыйлаған.

Эльмира Сәдуақасова

***

Отан Қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңіс мейрамына орай жүзден астам теріскейлік тәртіп сақшысы түрлі марапатқа ие болды. Салтанатты іс-шара Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Сұрапыл соғыста жанын беріп, елді қорғап қалған жауынгерлердің ерлігі мен батылдығын полиция қызметкерлері бір минут үнсіздікпен еске алды. Бүгінде майдан шебінде жау қолына қарсы тұрып, кейін бейбіт жылдары тәртіп сақшысы болып қызмет еткен 7 майдангердің көзі тірі. Салтанатты іс-шарада ІІО-ның ардагерлері мен қызметкерлері мінсіз қызметі және заңбұзушылықтармен жүргізіп жатқан күресі үшін медаль мен төсбелгілер тағынып, алғыс хаттарға ие болды. Мерекелік шара концертке ұласты.

Эльмира Сәдуақасова

***

– Соғыс жылдары майдан даласында шырқалған әндер жаумен күрескен жауынгерлерге рух берді. Жылдар өтсе де батырларды ерлікке бастаған бұл туындылардың бірде бірі мән маңызын жойған жоқ. Бүгінгі жеңісті ұлықтаға әндерді бейбіт аспан астында кейінгі толқын өкілдері әуелетуде.

Сахнада Аққайың ауданынан келген Ксения Калькута соғыс жылдары жазылған “Журавли” әнін орындауда. Бұл ән тыңдарман жүрегіне отқа оранған соғыс жылдарының жаңғырығын жеткізіп, қаһарлы заманның ызғарын сезіндірді. Ал нәзік жанды туындыны орындау кезінде көз жасын әрең тыйғанын айтады.

Калькута Ксения – “Мамыр жұлдыздары” байқауының қатысушысы:

– Бұл ән мен үшін бала кезімнен Жеңіс күнімен байланысты болатын. Сол себепті бүгінгі сайыста осы туындыны орындаймын деп шештім. Көрермендердің жүрегін елжірете алдым деп ойлаймын.

“Мамыр жұлдыздары” байқауына Петропавл қаласы мен 13 ауданның өнерлі жастары қатысуда. Фашистердің жеңіліс тапқанына 73 жыл толса да, “День победы”, “Катюша”, “Смуглянка” әндері ұмытылмақ емес. Өйткені, олар отан үшін от кешкен батырлардың бастан кешкен өмірін, батырлығын паш етеді.

Таңат Бейсенбаев – Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы:

– Мамыр жұлдыздары” байқауы дәстүрге айналған. Сайыстың басты мақсаты патриоттық сезімді тәрбиелеу, Ұлы отан соғсының ардагерлеріне тағзым ету.

73 жылдың ішінде жеңіс жайлы жүздеген ән жазылды. Солардың бірі – “Жеңіс күні” атты туындыны тыңдарманға Айыртау ауданынан келген Еркін Нұрбахтинов тарту етті. Ол бұл шараға қаһарман ата-бабаларының алдындағы жауапкершілікті сезініп, дайындалғанын айтады.

Еркін Нұрбахтинов – “Мамыр жұлдыздары” байқауының қатысушысы:

– Ақжол Мейірбековтың орындауындағы “Жеңіс күні” атты әнді орындап шықтым. Бұл туындының түпкі астары ұнағанан кейін көреремендерге де ұнайды деген ойдамын.

Жалпы сахнада бүгін патриоттық және майдандық мазмұнындағы 18 ән шырқалды. Байқау қортындысы бойынша жас өнерпаздардың барлығы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дана Сәлімқызы

***

– Бірер сәттен соң Спорт сарайында 33 солтүстікқазақстандық балуан “Қызылжар барысы” атағын сарапқа салмақ. Қарсыластарын тізе бүктірген ең үздік жерлес спортшы елордамызда өтетін “Қазақстан барысы” жарысына жолдама алады.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатынан соң, тартысты кездесулер басталып кетті. Алғашқылардың бірі болып ортаға Мамлют ауданының спортшысы Азамат Иманов пен М. Жұмабаев ауданының намысын қорғап келген палуан Амангелді Бәкіров шықты. Тепсе темір үзетін жігіттердің жарысқа мықтап дайындалып келгені бірден байқалады. Алайда, 22 жастағы Азамат Иманов қарсыласынан айласын асырып, жеңісті қанжығасына байлады.

Азамат Иманов – жарысқа қатысушы, Мамлют ауданы:

–  Белдесу қиын болды. Қарсыласым өте мықты екен. Бірақ, күшім жетіп, оны жеңдім. Өзім күреспен 10 жыл шұғылданамын. Ал, қазақша күреске бет бұрғаныма 1 жыл болды.

Ал мына шаршы алаңда 90 келі салмақ дәрежесіндегі Ақжар ауданының палуаны Мирас Оспанов пен салмағы 1 центнерден асатын аққайыңдық Нұрсұлтан Әбішев төс қағыстыруда. Жеңісті қолдан беріп алғысы келмейтін қос мықты бірден тартысты белдесуге кірісіп кетті. Салмағының 10 келіге жеңіл болғанына қарамастан, “Сұңқар” деген атпен танымал 27 жастағы Мирас қарсыласын санаулы минуттардың ішінде жанбасқа салды.

Мирас Оспанов – жарысқа қатысушы, Ақжар ауданы:

– Осы спортпен айналысып жүргеніме 2 жыл болды. Қарсыласым өте мықты. Салмағы менен жоғары болғандықтан кішкене қиналдым. Бірақ, айла-әдістер арқылы жеңіске жеттім.

Жыл санап елімізде қазақ күресіне деген қызығушылық артып, ұлттық спорт түрі қарқынды дамып келеді. Атап кетсек, бүгінде өңіріміздегі палуандардың саны мыңнан асқан.

Ербол Мырзабосынов – бас төреші:

– Кеше, яғни, 6 мамыр күні облыс әкімінің қолдауымен қаламызда “Қызылжар арландары” қазақ күресі спорт клубы ашылды. Онда “Қазақстан барысы” жеңімпазы Тұрсынов Мұхит бапкер болады. Клубымызда осылайша өңір намысын қорғайтын палуандар шынығады.

“Қызылжар барысы” атанған палуанға алтын белбеу мен 300 мың теңге ақшалай сыйақы табысталады. Екінші орынға қол жеткізген 200 мың теңгені олжалайды. Жүлделі үшінші орында тұрақтаған спортшыға 100 мың теңге қарастырылған.

Тогжан Акмагамбетова