Қоғам

Шекарашылар қошеметке бөленді

Мына залға еліміздің шекарасын жылдың әр мезгілінде кірпік қақпай күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған шекарашылар жиналған. Ең алдымен, әскери бөлімінің жеке құрамы алдында сала бастығы Руслан Қоқамбаев сөз алып, күш құрылымдарының ел тұтастығын сақтаудағы маңыздылығына тоқталды. Бұдан соң бірқатар әскерилер ҰҚК төрағасының бұйрығына сәйкес, “мінсіз қызметі үшін” арнайы төсбелгілерімен марапатталды. Мерекелік төсбелгі енді “Мамлютка” теміржол өткізу бекетінің бөлімше офицері Азамат Боқаевтың кеудесінде де жасындай жарқырамақ.

Азамат Бокаев – ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімі “Мамлютка” теміржол өткізу бекетінің офицері:


– Мамандығым бойынша қызметтік иттермен жұмыс жасаймын. Жарылғыш заттар мен есірткіні анықтау болып табылады 2015-ші жылдан “Мамлютка” теміржол өткізу бекетінде қызмет атқарудамын.

Осы күні жыл бойына жемісті еңбек еткен шекарашылар да елеусіз қалмай, өңірлік басқарма мен әскери бөлім басшылығының алғыс хаттарымен марапатталды. Бүгінде СҚ облысындағы шекарашылар еліміз бен РФ аралығындағы 1200 шақырым аумақтың тыныштығын күзетіп келеді.

Жұмахан Әбілбеков – ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімі командирінің орынбасары:


– Күзету барысында шекара комендатуралары, заставалар мен бақылау-өткізу бекеттері жүктелген тапсырмаларды орындауда. Ағымдағы жылы шекара аумағында 500-ден астам заңбұзушылық орын алды. Оның 10-ы есірткі тасымалына қатысты, сонымен бірге көлік өткізу бекеттерінде орын алды.  Бұрынғымен салыстырғанда қазір қару-жарақ пен техникамыз жаңартылды. Бәрі жеткілікті.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

Бахыт Садвокасов