Спорт

Шағын футболдан турнир өтті

Шағын футбол турнирінде түрлі ұлттың өкілдері аралас құрама жасақтап, жолдастық кездесулер өткізуде. «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының мүшесі Абзал Қасымхан бұндай спорттық шаралардан қалмауға тырысады.

Абзал Қасымхан – «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» ҚБ мүшесі:


– Бір шаңырақ астында түрлі ұлт өкілдерінің осылайша бас қосып жүргені қуантады. Бүгін түрлі ұлт өкілдерімен ойнағалы жатырмын. Өзге достар табамын. Осындай шараларда кездескен адамдар өмірде көбінесе адал адам болып шығады.

Достық үйінде дәстүрлі мәдени шаралардан бөлек, спорттық ойындар, жолдастық кездесулер де жиі өтіп тұрады. Ассамблея өкілдерінің айтуларынша, аталған шаралар этностар арасындағы бірлікті нығайтуға септеседі.

Чингиз Қурбанов – «Солтүстік Қазақстан облыстық азербайжан мәдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары:


– Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясындағы түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері бірге ойнап жатыр. Осындай спорттық шаралар этностар арасындағы бірлікті нығайтудың амалы деп қарастырамын. Орайы келіп тұрғанда, барлық жерлестерімді Отан қорғаушылар күні және Жеңіс мерекесімен құттықтаймын. Елімізде тұрақтылық, бейбітшілік баянды болсын!

Жалпы шағын футбол турниріне 5 құрама қатысты. Осы жолғы жоддастық кездесулер алдағы мерекелерге орайластырылған.


Берік Қасен