Мәдениет

Петропавлда “Салют,Победа” атты байқау өтті

Ең алдымен сахнаға М. Айтқожин атындағы №1 жалпы білім беретін инновациялық мектептің оқушылары шықты. Жеткіншіктер Сергей Крыловтың “Кішкентай кернейші жайлы әні” туындысын орындауда. Мұнда 25 ұл-қыз хормен ән айтып жатса, ортада 10 шақты бүлдіршін кішігірім спектакль ұсынды. Шығармада музыкалық аспапта ойнайтын ұлдың ерлігі баяндалған.

Даниил Гвоздев – байқауға қатысушы:


– Біз бұған дейін қалалық байқауда осы нөмірмен бас жүлдені ұтып алдық. Маған сахан төрінде өнер көрсеткен ұнайды. Мен ән айтқаннан бөлек, өлеңдерді мәнерлеп оқимын
.

Ал, мынау – С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының “Алуа” би ансамблі. 24 жеткіншектен тұратын ұжым байқауға “Команда” деп аталатын әскери нөмірді әзірлеп келіпті.

Шапшандық және біркелкілікті қажет ететін биге қыз балалардың тыңғылықты әзірленгені көрініп тұр.

Жібек Әлида – байқауға қатысушы:


– Мен бір жыл бойы биге қатысып жүрмін. Маған билеген қатты ұнайды. Осы әскери биді біз көп уақыт дайындадық. Ол онша қиын болған жоқ. Біз жеңіске жетеміз деген ойдамын
.

Жалпы бүгінгі байқауда өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиылған 200-ге жуық оқушы өнер көрсетуде. Күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілер түрлі номинациялар бойынша сынға түседі.

Ирина Колодаева, Оқушылар сарайы директорының орынбасары:


– Бұл шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында ҰОС ардагерлеріне деген құрметті баулып, оларды ұлықтауға тәрбиелеу. Жыл сайынғы дәстүрге айналған бауқауға хореографиялық би ансамбльдері, вокальдық ұжымдар қатысып жатыр. Олар тек әскери әндер мен билерді билеп, түрлі қойылымдар әзірлеп әкелді.

“Салют, Победа!” атты байқаудың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен ұл-қыздар кубок және грамоталармен марапатталады. Ал, үздік ұжым қазан айында елорадамызда өтетін әскери әндердің фестиваліне жолдама алады.


Тогжан Акмагамбетова