Қоғам

Фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды

Осы уақытта фотосуретшінің объектівіне кімдер түсіп қалған?


Мына суреттердің алғашқылары 1980 жылдары түсірілген. Барлығының кейіпкерлері – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері. Жыл өткен сайын кескілескен ұрыстар мен адам төзгісіз заманның куәгері болған жандардың қатары сиреп барады. Бірақ, Отанымызды жаудан қорғаған ерлердің ерен ерлігі ұрпақ жадынан ешқашан ұмытылмайды.
Бұл игілікті іс-шара да соның бір дәлелі.

Владимир Тимошин – қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– Біз осындай тың туындыларды тамашалағанымызға қуаныштымыз. Бұл көрменің авторына, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Біздің заманның батырларына айналған бұл жандардың кескін-келбеттері осылайша мәңгілікке сақталады .

Жеңістің 73 жылдығына арналған бұл көрменің авторы – жерлесіміз Александр Коротков. Бұл шараға бір ай көлемінде дайындық жүргізген. Соғыс ардагерлерін объектив нысанына алғанды жақсы көретін фотосуретші көрермен назарына 65 туындысын ұсынып отыр.

Александр Коротков – фотожурналист:

– Фотожурналист мамандығында жұмыс жасап жүргеніме біраз болды. 80 жылдардан бастап мерекелік шерулерде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін түсіре бастадым. Өкінішке орай бұл суреттерде бейнеленген каһармадарымыздың жартысынан көбі дүниеден озған. Бірақ ешкім де, ешқашанда ұмытылмайды!

Мына фотосуретте автор Петр Гладковты түсіріп алған. Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Коротковты оның камерасы 2006 жылғы мерекелік шеруде байқаған. Көрмеге келген қазыналы қария өз суретін көргеніне дән риза. Құрдастарының фотоларын да көріп, бір марқайып қалды.

Петр Гладков – Ұлы Отан соғысының ардагері 93 жаста:

– Осындай көреме ұйымдастырып, біздерді шақырғандарына ризашылығымды білдіремін. Шынымен де тарихи суреттер екен. Қуантарлығы – бұл қайталанбас суреттерді өскелең ұрпақ та көре алады.

Ұлы Жеңіс күніне орайластырлыған көрме облыстық бейнелеу өнері мұражайында бір ай көлемінде жалғаспақ.


Дана Ешкенова