Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Астанада брифинг өткізді

Қазіргі таңда өңірімізде латын әліпбиіне көшуге әзірлік жүріп жатыр. Өткен жылы С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада латын графикасын оқытатын орталық ашылды. Мұнда кез-келген адам тегін курстарға қатыса алады. Облысымызда “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында өзге жобалар да сәтімен жүзеге асырылуда. «Қасиетті Қазақстан» картасына тарихи маңызы бар 19 нысан енгізілді. (видео 12-02) Араларында алғашқы жылқы үйретілген “Ботай” қонысы, Ағынтай мен Қарасай батырлардың мемориалдық кешені, Айғаным қонысы бар. Ал бағдарламаның үшінші бағыты – туған жердің тарихын өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатта орта мектептердегі мұражайларды дамыту концепциясы қабылданды.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Балалар туған ауылының, ауданының және елінің тарихын жақсы білуі тиіс. Осы жылдың соңына дейін мектептердің барлығында мұражай ашылады. Биылдан бастап облысымызда бүкіл музейлерге кіру тегін.

Бүгінде “Рухани жаңғыру” бағдарламасын жүзегесе асыруға кәсіпкерлер мен меценаттар да ат салысуда.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Кәсіпкерлер осы күнге дейін жалпы сомасы 1 млрд 300 млн тегінің көмегін көрсетті. Өздерінің туған ауылдарында бірқатар жұмыстар атқарды. Әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеді, жаңа үйлер салды. Жолдарды дұрыстады. Елдімекенді ауыз сумен қамтуға атсалысты

Алдағы күзде Петропавлда Қазақстан және Ресей Федерациясы Президенттерінің қатысуымен өңіраралық әріптестік форумы өтеді деп күтілуде. Алқалы жиында туризм тақырыбы қаузалмақ. Брифингте осы жайлы да айтылды. Маңызды шараға дейін Ресей бағатындағы күре жолдар жөнделіп, І, ІІ-ші санатқа келтірілмек. Жыл сайын туристердің саны 30 пайызға өседі деп болжануда. Соның ішінде ресейліктердің үлесі басым.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Жыл сайын өңірімізге келуші туристердің саны артып келеді. Соған орай, ескі қонақжайларды қалпына келтіріп, олардың қатарын замануи нысандармен толықтырамыз. Шалқар, Имантау көлдеріне апаратын жолдардың сапасы жоғары болады. Онда негізінен ресейліктер келіп демалады. Біразы экологиялық туризмді құп көреді, яғни палаталар құрады. Сондықтан шетелдіктер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бірінші орында. Ол маңда көлік тұрақтарын, дүкендер мен санитарлық талаптарға сай дәретханалар салу керек. Осы жұмыстарға кәсіпкерлер тартылуда.

Шет елдерге заманауи қазақ мәдениетін таныту да “Рухани жаңғыру” бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Бұл орайда, өңірдің мәдениет саласының қызметкерлері өзге мемлекеттерге гастрольдерге шығып жүр.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– СҚО театрларының шетелге турлары бекітілді. Былтырдан бері шетелде түрлі фестиваль, байқауларға қатысуда. Жалпы Испания, Италия, Польша елдерінде болды.

Үстіміздегі жыл айшықты оқиғаларға толы болмақ. Жерлестеріміз М.Жұмабаевтың 125 жылдығын, Қожаберген жыраудың -355 жылдығын, Ақан серінің 175 жылдығы мен Сегіз серінің 200 жылдық мерейтойларын дүркіретіп атап өтеді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай облысымызда 500 шақты шара жоспарланған. Оның ішінде мәдени және спорттық шаралар бар.

Ұлыларды тудырған қасиетті мекенде төл өнеріміз айтысты дамыту оң жолға қойылған. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, осы жылдың соңына дейін өңірдің барлық аудандарында жас ақындар мектебі ашылмақшы. Сондай-ақ, ұлттық музыканы жанына серік етіп жүргендерге мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілмекші.

Өңірімізде құрылыс жұмыстары қарқын алған. Тұрғын үйлерден бөлек, әлеуметтік маңызы бар нысандар да тұрғызылуда. Брифингте Құмар Ақсақалов 2 айдан кейін облыс орталығында қазақ сазды-драма театрының жаңа ғимараты бой көтереді деді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Қазіргі С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ғимараты тар. Небары 200 орындық залы бар. Жаңа театрды перспективалы ықшам ауданда саламыз. Құрылысы 2 айдан кейін басталады.

Қазіргі таңда өңірімізге инвестиция ғана емес, экономиканың басым салаларына көптеп жұмыс күшін тарту міндеті де тұр. Осы орайда республикалық БАҚ өкілдері оңтүстіктен қоныс аударған қандастарымыздың қазіргі тұрмыс жағдайын сұрады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– “Серпін” түлектері отбасы құрса, оларға потенциалы бар ауылдарда үйлерді тегін салып береміз. Ал көші-қон бағыты бойынша 700-ден астам отбасыны көшіпі алып келу жоспарланған. Немесе бұл 3 мыңнан астам адам. Әрқайсысына бір
реттік ақшалай көмек қарастырылған. Адамдарды жұмысқа тартып, оларға шағын несие береміз.

Брифинг барысында тілшілер денсаулық сақтау саласына қатысты сауалдарын да қойып, тұщымды жауаптар алды. Қызылжар оранжереясының тағдыры да сөз болды. Облыс әкімі алдағы уақытта бизнесмендердің қаражаты есебінен аталған нысанның аумағы кеңейтіліп, жанынан зообақ тұрғызылатынын жеткізді. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов жиналғандарды жазда өңірімізде демалып, туристерге жасалған жағдайларды байқап, өлкеміздің қасиетті жерлерімен танысуға шақырды.

Берік Қасен