Құқық қорғау органдары

Ұялы телефон ұрлығы тыйылмай тұр

Мына 23 жастағы азамат оңай жолмен олжаға кенелмек болған. Алайда, Қызылжар ауданының тұрғынын полицейлер алысқа ұзатпай-ақ құрыққа түсіріп отыр. Тепсе темір үзетін жігітті тінту кезінде одан 2 бірдей ұрланған телефон табылған. Тәртіп сақшылары байланыс құралдарын бірден тәркілеп, иелеріне қайтарды.

Асан Таутаев – Петропавл қаласы ІІБ екінші полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы:


–  102 нөміріне Петропавл қаласының тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Ол белгісіз біреу Абай мен Интернационал көшелерінің қилысында ұялы телефонын ұрлап алғандығын хабарлады. Бұл ісі үшін азамат 3-тен 7-і жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Телефон ұрылары өте шапқаң қимылдайды. Олар тіпті байланыс құралын иесінің қолынан жұлып алып, қашып кетуі мүмкін. Полицейлер осындай әрекет жасаған жанның бірін де ұстады. Қазір баукеспе тергеу изоляторында отыр.

Ұрланған телефондарды іздеп табу өте қиын. Сол себепті полицейлер тұрғындарға халық көп жүретін жерлерде қымбат телефондар мен гаджеттерді аса көп пайдаланбаған жөн дейді. Ал, баукеспе байланыс құралыңызды жымқырған жағдайды, бірден 102 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.

Байболат  Култанов