Спорт

Петропавлда жүзуден облыстық чемпионат өтті

Жарыста шеберлігімен көзге түскендер көп болды. Солардың бірі -петропавлдық жеткіншек Рузанна Асқар. 12 жасар қыз 3 жылдай жүзумен айналысады. Бүгін оның алғашқы сайысы өтуде. Жас спортшының арманы – келешекте Олимпиада чемпионы атану.

Рузанна Асқар – жарысқа қатысушы:

 


– Жүзумен айналысқаныма биыл 3 жыл толады. Мен осы «Дельфин» БЖСМ-де жаттығамын. Өзімнің атынан жаттықтырушыма алғыс білдіремін. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін.

Ал, 9 жасар Ангелина Марченко жеке рекорд орнатты. Жас спортшы 100 метр қашықтықты 1 минут 51 секундта жүзіп шықты.

Ангелина Марченко – жарысқа қатысушы:


–  Ең алдымен мені шынықтырған жаттықтырушыма алғыс білдіремін. Біз үшін бастысы – нәтиже.

Жалпы жарысқа жасы 9-дан асқан жасөспірімдер қатысуда. Облыстық чемпионат 2 күн бойы өтеді. Спортшылар бүгін 100 метрге баттерфляй әдісімен және еркін жүзуден бақ сынаса, ертеңгі күні брасс пен шалқалап жүзу түрлері бойынша жүлдеге таласады.

Максим Завгородний – «Дельфин» БЖСМ жаттықтырушысы:


–  Өткен жылы облыстық сайыста 230 жеткіншек күш сынасса, биыл спортшылардың саны 250-ден асады. Қатысушылардың арасында 4 спорт шеберіне үміткер бар.

Облыстық чемпионат жеңімпаздары Шымкент қаласында өтетін республикалық ашық біріншілікке жолдама алады.

Байболат  Култанов