Балалар

Петропавлда интеллектуалдық ойын өтті

Міне, интеллектуалдық ойынға қатысуға ниет білдіргендерге осы сынды викториналық сұрақтар дайындалған. Ал, бүгінгі тапқырлардың сайындағы сауалдар тек қана Ұлы Отан соғысы тақырыбын қамтыған. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті Аслан Қайыров “Жас Отан” ЖҚ командасының намысын қорғауда. Тарихшы мамандығының қыр-сырын меңгеріп жүрген жас білгірлердің додасына мықтап дайындалыпты.

Аслан Қайыров – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

 


– Сайысқа дайындығымыз жоғары. Тобымызда 5 адам бар. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз бізге баға береді. Осы сайысқа бірнеше команда қатысып отыр. Интеллектуалды ойында жеңіске жетеміз деген үміттемін.

Жалпы бүгінгі интеллектуалды байқауда 4 құрама өзара мықтыны анықтамақ. 20 үміткерге 3 кезеңнен сүрінбей өту қажет.

Әлфараби Мыңбай – Қалалық жастар бастамалары орталығы жетекшісінің көмекшісі:

 


– Біздің шарамыз жыл сайын өткізіліп тұрады. Былтыр осы жерде ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырдық. Басты мақсат – өткен тарихымызды қазіргі жастардың бойына сіңіру. Сол тарихтан керекті мағлұматтарды алу.

Сондай-ақ,интеллектуалдық ойынға жиылған жұртшылық назарына “Ұлы ерлік мәңгілік” атты кітаптар көрмесі ұсынылды.

Тогжан Акмагамбетова