МТРА жаңалықтары

Ел шебі сенімді қолда

– Біз қазір ҰҚК Шекара Қызметі 2032 әскери бөлімінің “Ақкөл” шекара заставасында тұрмыз. Мұндағы әскери қызметшілерге еліміздің Ресей Федерациясымен шектесетін 64 шақырымын күзету сеніп тапсырылған. Ел шебін тәулік бойы қорғап жүрген жауынгерлердің тыныс-тіршілігімен бірге танысайық.

Әлібек Мәдиев – ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімі “Ақкөл” шекара заставасының бастығы:


– Ақкөл шекара заставасына қош келдіңіз! Сізді қазір шекара заставасымен таныстырып өтейін. ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімінің “Ақкөл” шекара заставасы 2001-ші жылы Мамлют ауданы Белое селосында орналасқан. Қазірде Ресеймен шектесетін аумақты күзету үстіндеміз.

Шынымен де әскери мекеме – шекара күзетіне қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда шекарашыларды белгіленген жерге жылдам жеткізетін “УАЗ” көліктері бар. Жол талғамайтын темір тұлпарлар әлі бірде-бір рет сыр берген емес дейді, – шекарашылар. Ол аз десеңіз, қысқы уақытта омбы қарларды оңай еңсеретін “Тайга” көлігі де әскерилердің сенімді серігіне айналған. “Ит адамның досы”, демекші, заставада шекараны бұзатын тұлғаларды құрықтауға септесетін тағы 2 қызметтік-іздестіру иттерін де көрдік. Мекемеге қарасты аумақтан көбіне Орта Азия елінің тұрғындары мен қылмыс жасап, көрші мемлекетке бой тасалайтын тұрғындар өтіп кетуге тырысатын көрінеді. Алайда, өткізу бекетінен тыс жерде шекараны кеспек болғандарды анықтау – осы застава қызметкерлерінің міндеті.

Әлібек Мәдиев – ҚР ҰҚК ШҚ 2032 әскери бөлімі “Ақкөл” шекара заставасының бастығы:


–  Осы жылы мемлекеттік шекара режімін бұзушы 1 азамат ұсталды. Және шекара аймағында бұзған 27 тұлға құрықталды. Олар ҚР ӘК 510-514 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. 02-28 Заңбұзушы адамдар 5 АЕК айыппұл төлейді.


Міне, кезекті мемлекеттік шекара бұзушы туралы ақпарат түсті. 4 маманнан құралған дабыл тобы заңбұзушыны қызметтік иттің көмегімен лезде қолға түсіріп алды.
Айту керек, бұл әскери құрылым 2015-ші жылы өзге заставалар арасында 1-ші орынға тұрақтаған. Бүгінде үлгілі застава ғимаратында әскерилер Белое орта мектебінің 9-11-ші сынып оқушыларын “АК-74” автоматын құрастырып-шашуға баулып жүр. Бұл өз кезегінде болашақ Отан қорғаушылардың патриоттық сезімін оятудың басты алғышарты дейді мұндағылар. Мәселен, бүгінгі застава бастығының орынбасары Бибарыс Исабай да осы балғындар сияқты мектеп қабырғасынан әскери қызметкер болуыды армандапты. Шекара академиясының былтырғы түлегі оқуын ойдағыдай аяқтаған соң, бірден осы “Ақкөлге” жолданыпты.

Бибарыс Исабай – ҚР ҰҚК Шекара Қызметі 2032 әскери бөлімі “Ақкөл” шекара заставасы бастығының орынбасары:


– Шекара қызметін таңдаған себебім ол менің бала күнгі арманым болған. Сол академияда алған теориялық білімімді іс жүзінде қазір шекарада қолданудамын. 04-30Алдағы уақытта өзімнің кәсіби шеберлігімді шыңдап, білмеген тұстарымды үйреніп осы салада жоғарғы орындарда көрінемін деп сенемін.

Еліміздің қауіпсіздігі мен тұтастығын сақтауда жылдың әр мезгілінде кез-келген уақытта қажетті жерден табылатын шекарашылардың еңбегі өлшеусіз екені сөзсіз.


 

Бахыт Садвокасов