Әр түрлі

Хот-догты дайындау бойынша чемпионат ұйымдастырылды

Көтеріңкі көңіл-күймен мерекені қарсы алып жатқандар үшін тағы бір қызықты іс-шара дайындалған екен. «3 желания» компаниясы 35 нәзікжандының басын біріктіріп, олардың аспаздық қасиеттерін сынға алды. Аз ғана уақыт ішінде байқауға қатысушылар неғұрлым көп хот-дог дайындаулары қажет еді. Бұл тағамды дәмді қылу үшін қатысушыларға «3 желания» өнімдері ұсынылған.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:


– Қазір ақтық кезең. Финалға 5 адам жолдама алды. Бұған дейін олар әдеттегі хотдогтарды дайындаса, бұл жолғы талап сәл күрделеу. Қазылар алқасы енді тағамның дастарханға ұсынылуына да мән бермек. Сондықтан, қатысушыларға фантазияны да қосу қажет.

Нәзікжандыларға көк пен тұздықтың 3 түрі берілді. Оларды тағамға орынды қоса білу қажет. Сондықтан, ас үй ханшайымдары барларын салуда. Араларында жеңісті қолдан беріп қоятындары жоқ. Әрқайсысы мықтылығын дәлелдемек ниетте хотдогтарды шапшаң дайындап жатыр. Қатысушылардың сөзінше мұнда ең қиыны нанның ортасынан жасалған тілімге шұжықты салу екен.

Хотдогты дайындауға арналған дәмді тоқашқа салу реті қатысушылардың өз еркі. Бірі алдымен майонез, кетчуп пен тұздықтарды құйып, шұжығын кейін салып жатса, келесілерінде мүлдем басқаша.Бастысы түрі де, дәмі де талапқа сай болуы қажет.

Юрий Дубинин – Қазақстан бас аспазшылар қауымдастығының мүшесі:


–  Қатысушыларға 6 минут уақыт берілді. Осы аралықта олар ондаған хот догты дайындап үлгерулері қажет. Біз оның дәміне, соус, кетчуп, майонездердердің үйлесуіне де мән бердік. Көкті салғанда да ол эстетикалық тұрғыдан қарағанда әдемі болуы керек. Жалпы, фаст-фудты дайындау өте оңай әрі тез деп айта алмас едім. Дұрыс хот-дог әзірлеу бәрінің қолынан келе бермейді. Бірақ, қатысушыларымыз бізді таң қалдыруда.

Жеңістен үміттілердің қатарында Бақтылы Тюляева да бар. Нәзікжанды фаст-фуд тағамдарын құптамаса да, бүгін бұл сайыста бағын сынап көруді шешіпті. Жарыстың нәтижесі көрсеткендей үйдің ыстық тағамдарынан бөлек, қала тұрғыны хотдогты да жылдам, дәмді әрі әдемі қылып дайындайды екен.

Бақтылы Тюляева – Петропавл қаласының тұрғыны:


–  Әріптестерімізбен саябаққа қыдырып келдік. Кейін жарысқа қатысуды шештім. Ең бастысы – жылдам дайындау қажет еді. Бұл менің қолымнан келді. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет!

Қарасаң тәбетің ашылатын бұл хотдогтардың барлығы сайысты тамашалауға келген тұрғындарға үлестірілді. Қазылар алқасынан бөлек петропавлдықтар да дәмін көріп, өз бағасын беруде. Жалпы, бұл күні хотдогтың 1200-ден астамы дайындалды.

– Мен Петропавлға қонақ болып келдім. Бұндай мерекені ұйымдастырғандарға үлкен алғыс. Бәрі өте жақсы әрі көңілді өтуде.

– Өте жақсы жарыс. Бізге ұнап жатыр. Дайындалған хотдогтар да тамаша!

Бірінші жүлделі орын Татьяна СечнАЯға бұйырды. Оның хотдогтары қазылар алқасы мен қалың жұртшылықтың көңілінен шығыпты. Жалпы, ас үй ханшайымдарына қысқа толқынды пеш, табалар жиынтығы мен блендер сынды тұрмыстық техника сыйға тартылды.

Андрей Пустовалов – «Eurasian Foods Corporation» АҚ филиал директоры:

– Хотдогты дайындауда компаниямыздың көптеген өнімдері қолданылады. Сондықтан, осындай чемпионат өткізуді жөн көрдік. Жалпы, «Eurasian Foods Corporation» компаниясының «3 желания» маркасы еліміздің үздік брендтерінің бірі. Біз өзіміздің майонез, кетчуп және түрлі тұздықтарымызбен танымалмыз. 100-ден астам өнім түрі Қазақстанның барлық өңірлері, Ресей және орта Азияға да эскпортталады.


Алдағы уақытта «3 желания» компаниясы балаларды қорғау күніне де қызықты іс-шара ұйымдастырмақ.

 

Эльмира Сәдуақасова