Спорт

Теріскейде волейболдан облыстық жарыс өтуде

Алаңда Тайынша мен Жамбыл ауданының волейболшылары күштерін сынауда. Екі команда да бір-біріне допты дәл бағыттап жатыр. Қызыл жейдедегі тайыншалықтар ерекше тактикаларын қолдана отырып, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, олар 2:0 есебімен Жамбыл ауданының волейболшыларын ұтып кетті. Топтық ойын нәтижесі бойынша бұл құрама 2-ші орынға тұрақтады.

Никита Заклицкий – Тайынша ауданы командасының капитаны:

– Бұл сайысқа біз 6 ай бойы аптасына 5 реттен дайындалдық. Сондықтан, өз күшімізге сенімді болдық. Жалпы біздің құрама жылда жүлделі орындардан көрінеді.

Бұл ойыннан кейін ортаға Тимирязев және Есіл ауданының командалары шықты. Жеткіншектер қазір сайысқа дайындықтарын пысықтап жатыр. Олардың капитаны – Салимжан Османов.

Салижан Османов – Тимирязев ауданы командасының капитаны:

– Бұған дейін Ғ.Мүсірепов жіне Жамбыл аудандарының құрамаларымен кездестік. Екі команданы да 2:0 есебімен жеңдік. Ал, қазір Есіл ауданының волейболшыларымен ойнаймыз. Бұл құраманың осал тұстарын жақсы білеміз. Сондықтан, жеңіске жету қиынға соқпайды деп ойлаймын.

Интершум: свисток или что-нибудь другое, означающее старт

Міне, ойын да басталып кетті. Ала допты қоладарында ойнатқан Тимирязев ауданының құрамасы әр түрлі әдістерді қолдана отырып басымдық көрсетуде. Жалпы бұл сайыста 8 команда сынға түсуде.

Марат Шақшақбаев – волейболдан облыстың аға бапкері:

– Аталмыш жарыс дәстүрлі түрде осымен 18-ші рет ұйымдастырылып отыр. Командаларды 2 топқа бөлдік. Жыл сайын теріскейлік “Жеңіс” волейбол командасы және Тимирязев пен Қызылжар ауданының құрамалары үздіктер қатарынан көрініп тұрады. Сайыс мамырдың 3-“не дейін жалғасады.

Жеңіске жеткен команда грамота және кубокпен марапатталады.

Молдир Макишева