Қоғам

Өңіріміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерге QR код жүйесі ортанылуда

Бұл QR код болып табылады. Мәселен, осы суретті смартфоныңызбен сканерлеу арқылы кез келген жәдігердің тарихымен танысып, мол мағлұматпен қаныға аласыз. Қазіргі таңда “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде жаңашылдықты енгізу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жыл басынан мұндағы 11 жәдігерге QR код қойылған.

Гүлнәр Жұмабекова – “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінің экспозиция және көрме ұйымдастырушы маманы:


–  Екеуі алаңда біздің, біреуі ескерткішке, екіншісі ғимараттар сыртында тұр. Ал, енді 9-ы музей ішіндегі 4 залда орналастырылған. Біздің кодтарымыздың ішінде қазақ және орыс тілінде мағлұматтар бар. Алдағы уақытта біз енді ағылшын тілінде де ақпараттарды ұсынбақ ойымыз бар.

Бүгіндері мұражай-кешенінің қорында 600-ге жуық жәдігер бар.
Сондай-ақ, QR код жүйесі облыс орталығындағы 25 тарихи-мәдени ескерткіш пен нысанға орнатылған. Дегенмен, мамыр айының соңына дейін оның саны 32-ге дейін жетпек.

Жанат Баймүсенов – СҚО мәдениет, мұрағат және құжаттамалар басқармасының бас маманы:

– “Рухани Жаңғыру” бағдарламасы аясында “Заман таспасы” жобасы іске асуда. Оның аясында шаһарымызда туристік бағыттар құрылды. Маршруттар негізінен тарихи-мәдени нысандарды қамтиды. Алдағы уақытта теріскейдегі 200-ден астам ескерткішті QR код жүйесімен қамту жоспарланған.

Айта кетсек, мұндай бастама біздің өңірімізден басқа Павлодар және Ақмола облыстарында да қолға алынған.

Тоғжан Ақмағамбетова