Құқық қорғау органдары

Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеді

– Полиция. Здравствуйте.

– Здравствуйте. У нас во дворе, группа молодых людей спиртные напитки на территории детской площадки распивают.

– Адрес какой?

– Парковая, 187.

– Все, хорошо. Направим туда сотрудников.

– Большое спасибо, до свидания.

Жексенбі күні таңертең Парк көшесінің тұрғындарына “102” нөміріне қоңырау шалуға тура келген. Өйткені, ащы суға тойып алған жастар көпқабатты баспананың ауласында шу шығарып, қалалықтардың мазасын алыпты.

Санат Қатаев – Петропавл қалалық жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция батальонының полицейі:

– Бізге жедел әрекет ету орталығынан қоңырау түсті. Аталған мекен-жайға барғанымызда аулада қозғалып бара жатқан Мерседес көлігін байқадық. Темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушінің масайған күйде екені көрініп тұрды.

Полицейлерді көрген ұл-қыздар бірден іздерін суытқан. Бірақ, сауық-сайран құрғаны үшін “Мерседес” автокөлігінің иесіне жауап беруге тура келді. Жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, оның машинасы айып тұрағына жіберілді. Тіпті, ер азамат тәртіп сақшыларын балағаттаудан тайынбаған. Қазір факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы полицейлер мерекелік демалыс күндері күшейтілген режимде еңбек етті.


Мереке күндері тәртіп сақшыларына қала тұрғындарынан 200-ге жуық қоңырау түскен.

Тогжан Акмагамбетова