Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясына СҚО-нан 27 адам қатысты

Өміршең жобалардың сәтімен орындалуы еліміздегі тұрақтылық пен мызғымас ауызбіршілікке тығыз байланысты. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны ерекше. Ұлт көшбасшысы ХХVІ сессияда түрлі этностардың басын қосып, ортақ шаруаға бірігіп жұмылуға шақырды. Сәуірдің 28-і елордада өткен маңызды жиынға СҚО-нан 27 адам қатысты.

ҚХА 26-сессиясы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалық етуімен өтті.
Елбасы 5 әлеуметтік бастаманы жиынға арқау ете отырып, жобаны жүзеге асыруда этносаралық бірліктің маңызы зор деді.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы:


– Убежден, политика социального единства – важный шаг к идентичной, консолидированной Нации. Мы начали пять новых проектов, несмотря на внешние обстоятельства. Не потому, что у нас избыток средств и ресурсов. А потому, что мы полны решимости придать новый импульс улучшению жизни казахстанцев.

Қазіргі таңда Қазақстан дамушы 74 мемлекеттің тізіміне енген. Тәуелсіздік жылдарында елімізде 12 мың шақырым автомобиль және 2,5 мың темір жолдары жөнделген. 1300 медициналық ұйым, 1,5 мың мектеп, 500-дей балабақша тұрғызылыпты. Сондай-ақ, стадион, музей, театрлар мен кітапханалардың саны артты. Елбасы елдің дамуына әр қазақстандық еңбек сіңіргенін жеткізді. Көпұлтты мемлекетіміз бүгінде әлем аренасында жоғары беделге ие болуда. Н.Назарбаев 5 әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру арқылы жетістіктерімізді еселей түсеміз деді.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы:


– Итак, «Пять Президентских инициатив» – это Пять масштабных социальных проектов. Самое главное, все они ориентированы на благосостояние каждого казахстанца, адресованы всему обществу. Это – общенациональные проекты. Я хотел бы, чтобы на местах члены АНК приняли в этом активное участие, взяли под контроль их выполнение и вместе с партией «Нур Отан» стали бы теми, кто продвигает их и следит за их надлежащим выполнением. Скажу прямо, это все обходится государству недешево. Всего на реализацию «Пяти социальных инициатив» мы планируем направить более 2,6 триллиона тенге. Это – огромные средства. Это – инвестиции в наших граждан и в их будущее.

Елбасы ұлтты ұйыстыруда бірегей қоғамдық институттың алар орны ерекше екенін айтты. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында Қоғамдық келісім және Аналар кеңесі сынды ұйымдар жұмыс істеуде. Бұл сессияға қатысқан делегаттардың арасында солтүстікқстандықтар да бар.

Наиль Салимов – СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі:

– Осы сессия барысында атқарылған жұмыстарды саралап, жоспарымызды айқындаймыз. Бүгінде СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы халықтар арасында бірлік пен келісімді сақтауға үлес қосып келеді. Елбасы берген тапсырмаларды ойдағыдай орындап, сенім үдесінен шығамыз деген ойдамын.

Гүлбахша Мұсабаева – «Urpaq» қазақ – мәдени ағарту орталығының төрайымы:

 

– Ауызбіршілік пен саяси тұрақтылықтың арқасында күнен күнге ел экономикасы дамып келе жатыр. Осыған Ассамблеяның да көп еңбегі сіңіп жатыр.

Рашбиль Евдаев – СҚО еврей этномәдени орталығының төрағасы:

– Біз ауызбіршілік пен татулықта өмір сүрудеміз. Сәйкесінше, тұрақтылық пен келісім бар жерде экономика дамиды. Қазіргі таңда аймақтарда жаңа зауыттар іске қосылуда. Халықтың да әл-ауқаты артып келеді. Біз сияқты дамушы мемлекетке бұдан асқан жетістік жоқ деп есептеймін.

Сесия барысында Мемлекет басшысы 5 бастамаға жеке-жеке тоқталып өтті. Соның бірі жоғары білімнің сапасын арттыруға қатысты. Елбасы техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін алға тартты. Н.Назарбаев ЖОО-да гранттардың санын арттырып қана қоймай, студенттерге жақсы жағдай жасау қажет деді. Президенттің бұл бастамасы жастар арасында зор қолдауға ие болды.

Оксана Драчева – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті, Алматы қаласы:

– Жастар жайлы жатақханаларда тұрса, тиісінше олардың оқуға ынтасы артады. Мен Елбасының бұл бастамасына ризамын.

Сондай-ақ, жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңға енген өзгерістер жайлы сөз болды. Н.Назарбаев алдағы уақытта Астанада достық үйі ашылатынын мәлімдеді. Және ондағы озық жобалар аймақтарға таратылатынын жеткізді. Өткен жылы еліміз бойынша бірегей институттар барлығы 2 мыңға жуық қайырымдылық акциясын өткізіпті. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған 60 мың отбасыға көмек көрсетілген екен.
Мемлекет басшысы бұл жұмыстар одан әрі жалғасады деді. Жалпы сессияға 130 ұлттың өкілі атсалысты. Шара соңы концертке ұласты.

Берік Қасен