Спорт

Петропавлда жас боксшылар арасында турнир өтті

Бірінші болып шаршы алаңда 42 келі салмақ дәрежесінде Имран Исраилов пен Никита Жиров қолғап түйістіруде. Жерлес боксшылар алғашқы раундтан-ақ бір-біріне жойқын соққыларын дарытып, барынша ұпай жинауға тырысты.

2-ші, 3-ші раундта да былғары қолғап шеберлері бір-бірінің осал тұстарын аңдып, реті келгенде соққы жасап отырды. Алайда, бабы мен бағы қатар келіскен Имран қарсыласынан басым түсіп, кездесудің фавориті атанды.

Имран Исраилов – турнирге қатысушы, Петропавл қаласы:

– Турнир алдында бапкеріміз бізді 2 аптадай дайындықтан өткізді. Осал тұстарымызды айтып, өзінің ақыл-кеңестерін берді. Қарсылас тиісті деңгейде жұдырықтасты деп айта алмаймын. Тәжірибесі менікіне қарағанда аздау.

Бұдан соң, спорт жанкүйерлері 44 келідегі жасөспірімдердің тартысты жекпе-жегін тамашалады. Шаршы алаңда қолғап түйістірген қос боксшы – Павлодар облысының тумалары. Бұл кездесуде Ахан Баяндосовтың барлық соққылары рингтегі қарсыласына дөп тиіп, ол өз салмағында осылайша басым түсті.

Ахан Баяндосов – турнирге қатысушы, Павлодар облысы:

– Осы спортпен 4 жыл айналысып жүрмін. Бокс үйірмесіне мені әкем ертіп әкелді. 01-45Қарсыласымды бұрыннан білемін. Өмірде жақсы араласамыз. 02-30Алдағы мақсатым – жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысып, жеңіске жету болып табылады. Соныменбірге спорт шебері атағын орындау.

Жалпы юниорлар арасындағы “Жас Ұлан” республикалық турнирінде 42-ден 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 13 жұп қолғап түйістіріп, шеберліктерін көрсетті.

Антон Лопатин – СҚО бокс федерациясы директорының уақытша міндетін атқарушы:

– Турнирде 2002-2003-ші жылы туылған қатысушылар 14 салмақ дәрежесінде жұдырықтасуда. Чемпионатқа еліміздің Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Атырау өңірлерінен және жергілікті спортшылар жиналды. Жалпы саны – 6 құрама.

Жарысты ұйымдастырушылар өз салмағында жеңіске жеткен боксшыларды марапаттап, медаль мен кубок табыстады.


 

Бахыт Садвокасов