Қоғам

Жекеменшік сот орындаушыларының институты дамуда

Өткен жылы облыстық әділет департаменті «100 нақты қадам» ұлт жоспары бойынша қыруар шаруа атқарыпты. Мемлекеттік сот орындаушыларының санын біршама қысқартып, атқару құжаттарының барлығын өз алдына жекеменшік ұйым құрған әріптестеріне берген.

Батырбек Қалабаев- СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары:


– Өндірістік істердің біразы жеке сот орындаушылардың орындауына берілді. Бүгінде мемлекеттік сот орындаушыларының 18-і қалды. Қазіргі таңда олардың қолында 2 500 құжат бар. Басым бөлігі алиментті өндіріп алуға қатысты. Алдағы уақатты сол істер де жеке сот орындауышларына өтеді. Жеке сот орындаушылары кәсіпкерлер сияқты өздерін өздері қаржыландырады. Кеңсе жалдап, коммуналдық қызметтер ақысын өздері өтеп, бюджетке салық төлейді.

Яғни, заңгерлер жалақыны бюджеттен алмайды, борышкерлер есебінен күн көреді. Әрбір атқарған ісі үшін мұндай сот орындаушыларға берешек сомасының 25 пайызына дейін үстемеақы алуға болады. Бұл өз кезегінде олардың жұмыс істеу ынтасын арттырып, сот актілерінің дер кезінде орындалуына мүмкіндік береді. Әсіресе, осы күні азамттық істердің ішінде алимент өндіріп алу оңай емес.

Айжан Бимақанова – СҚО әділет департаменті жеке сот орындаушылар қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы:

– Қазіргі таңда тасбауыр әкелер мен көкек аналардан алимент өндіріп алу қиын. Сондықтан біз Петропавл қаласында осы іске ғана маманданған екі кеңсе аштық. Ол ғимараттар Театр көшесі, 36 және Алтынсарин көшесі, 168 Б мекен жайларындағы орналасқан. Онда алимент өндіріп алу ісіне әбден төселген мамандар жұмыс істейді.

Қазіргі таңда облыс бойынша 54 жеке сот орындаушысы тіркелген. олардың 20-сы өңір аудандарында жұмыс істеп жүр.

Берік Қасен