Қоғам

Сушылар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

“Қызылжар сулықтар” осымен бесінші жыл Қазақстан халқының бірлігі мейрамын ерекше форматта атап өтуде. Мәселен, кәсіпорынның ұсталары, жүргізушілері мен диспетчерлері татар ұлтын таңдаған. Ал заңгерлер, экономистер мен инженерлер болса бүгін украин халқын таныстырмақшы.

Айнұр Жақыпова – “Қызылжар су” ЖШС экономисті:


– Киев котлеттері, голубцы, сало мен вареник сынды ұлттық тағамдарды дастарханға қойдық.

Бұдан бөлек үстелге кавказ халықтары, гректер, өзбектер мен итальяндықтардың дәмдері қойылды. Астан бөлек, серіктестік қызметкерлері бұл ұлттардың әндерін айтып, билерін биледі. Гректер дайындаған бағдарлама тіпті ерекше.

Су тазалаушы ғимараттар кешенінің нәзікжанды мамандары гректердің ұлттық биі – сертакиді биледі. Жалпы, бүгінгі мейрамға бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жіті дайындалдық дейді олар.

Анна Попова – “Қызылжар су” ЖШС зертханашысы:


– Жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да дайындалдық. Реквизиттердің, костюмдердің бәрін өз қолымызбен жасадық. Біз көпұлтты ұжымда қызмет етеміз. Бәріміз татумыз. Сондықтан бірлік күні біз үшін ерекше мейрам.

Бүгінде “Қызылжар су” серіктестігінде мыңнан астам адам, 30-дан аса ұлт өкілі қызмет етеді. Байқау түрінде өткен бұл шара мамандардың ауызбіршілігі мен ұлтаралық татулықты нығайтуға бағытталған. Бонус ретінде, байқауда үздік шыққандарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

Саят Ермек