Спорт

Жерлестеріміз баскетбол сайысынан жеңіспен оралды

43-орта мектептің құрамасы 6 команданың арасынан суырылып шығып, 1-ші орынды еншіледі.
Республикалық сайысқа аттанбас бұрын солтүстікқазақстандық жасөспірімдер наурыздың 27-і мен 30-ы аралығында облыстық кезеңде іріктеуден өтіп, жеңіске жеткен еді. 8 баладан тұратын команда 2 жыл бұрын құрылған. Бұл – олардың республикалық деңгейдегі алғашқы сайысы.

Александр Вайтенко – №43 орта мектептің 11-сынып оқушысы:

– Барлық командаларды оңайлықпен жеңдік. Тек қарағандылықтардан ғана 1-ші кезеңде жеңіліп қалдық. Кейін бар күшімізді жинап, есе қайтардық.

Молдир Макишева