Қоғам

Жемқорлыққа қарсы акция өтуде

Шара аясында тиісті органдар тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мұндай акция өңіріміздің барлық аудандарында өтпек. Бүгін Қызылжар ауданының мемлекеттік қызметшілері автокөліктер шеруін ұйымдастырды. Шараға велосипедшілер де ат салысты. “Адал жол” акциясының жалауын алып Бескөл ауылының орталық көшелерімен жүріп өткен спортшылар орталық алаңға тоқтады. Бұл маңда аға буын өкілдері жастарға қоғамдық індеттің залалы туралы айтты. Осыған ұқсас шаралар алдағы уақытта Ақжар және Уәлиханов аудандарында да өткізілмекші. Аудан өкілдеріне бүгін “Адал жол” акциясының жалауы табысталды.

Ғалымтай Айтмұхаметов – Ақжар ауданы әкімінің орынбасары:


– Ақжар ауданында “Адал жол” акциясы аясында түрлі формада шаралар өткіземіз. Оның ішінде флешмобтар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар бар.

Берік Қасен