Мәдениет

К.Салықовтың жаңа кітабы таныстырылды

Кәкімбек Салықовтың жарық көріп отырған жаңа еңбегі 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы тарауында ақиық ақын Сырымбет өлкесі жайында жырласа, екінші бөлімінде қаламгер өзі білім алған мектебі туралы жазған екен.

Мереке Қасентегі – К.Салықов атындағы “Жезкиік” қорының жетекшісі, Алматы қаласы:


– Осы кітап Кәкімбек Салықовтың 85 жылдығына орай басылып шықты. Жібек Жолы баспа үйінде. 01-30Қордың мақсаты – К.Салықовтың шығармашылығын насихаттау. 03-00Бірінші бөлімінде туған жер туралы, сонымен бірге Сырымбет мектебінен басталады. Туған елі жайында да өлеңдері бар. Екінші бөлімінде оқыған мектебі туралы айтады.

Жиында өңірдің зиялы қауым өкілдері сөз алып, жинақтың ұрпақ тәрбиесінде алар рөліне тоқталды. Кітап облыстық әкімдіктің қаржыландыруымен жарық көрген.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:


– Біз ол кісіні мақтан етеміз. Сондықтан, облыс әкімі осы кітаптың шығуына қаржылай көмек көрсетті, соның нәтижесінде, міне, кітап шықты. 00-11Біздің елдің тумасы, Шал ақын ауданы Еңбек ауылының тумасы – елімізге белгілі, танымал азамат, 00-40Бұл кітапта көп өлеңдер мен өлеңдері берілген. Онда достары мен жолдастарына, мектебіне арнаған.

Кәкімбек Салықов көзі тірісінде жазып қалдырған жыр-жинақтар бүгінде оқырман қауымның зор сұранысына ие. Ал, осы жолғы сиясы кеппеген туынды мың данамен алматылық баспада жарық көрген. Енді тың еңбекті жерлестеріміз өңір кітапханаларынан алып, таныса алады.


Бахыт Садвокасов