Балалар

Солтүстік шұғыласы IV облыстық фестивалі өтті

Бүгінгі байқауда сахнаға ең алдымен даму мүмкіндігі шектелген балаларға арналған №1-ші арнайы мектеп-интернатының оқушылары Бақдаулет Тұрсынбай мен Ақбөпе Байқуаныш шықты. Олар «Қасиетті домбыра» әнін орындады. Бұл – олардың алғашқы өнер көрсетуі. Балалардың айтуынша, бойларында біраз қобалжу бар.

Ақбөпе Қуаныш – байқауға қатысушы:


– Мен 12 жастамын. Біз бүгін қасиетті домбыра әнін орындаймыз. Қыркүйек айынан бастап бұл байқауға дайындалдық. Біздің ұстазымыз Гүлнәр Қуанышеваға көп алғыс білдіремін.

Балғындар алаңда ән айтып, би билеп қана қоймай, жұртшылық назарына өз қолдарынан жасаған бұйымдарын ұсынды. Бұл көрме балғындардың өнерлі екенін тағы бір дәлелдеп отыр.

Елена Колмогорова – “АДОН-Север” ҚБ төрағасы:


– Бүгінгі іс-шараға 17 мектеп-интернаттың оқушылары қатысады. «Солтүстік шұғыласы» сынды байқау балалардың қоғамға етене араласуына ықпал етеді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балалардың және жетім жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігін және шығармашылығын дамытады.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Алдағы уақытта аталмыш шара жалғасын таппақ. Бір айта кетерлігі, облыстық фестиваль аз да болса балғындардың өнер мен өмірге деген құштарлығын арттыруға септігін тигізері анық.