Құқық қорғау органдары

ІІО қызметкерлері салтанатты маршпен жүріп өтті

Қоғамдық тыныштықты тәулік бойы қадағалайтын полицейлер сап түзеп, шаһардың басты алаңымен жүріп өтуге дайын. Ортаға ту әкелініп, әнұран шырқалды. Салтанатты шара басталмас бұрын барша тәртіп сақшыларын өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов құттықтап, ІІО қызметкерлерінің теріскейдің дамуына қосқан үлестері жайлы айтып өтті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Маңызды мерекелер қарсаңында кездесіп отырмыз. Ол 1-ші мамыр Қазақстан халқы бірлігі күні, 7-ші мамыр Отан қорғаушылар мерекесі және Ұлы Жеңіс мейрамы. Биыл өткізіліп жатқан шаралардың барлығы елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған. Сондықтан, тойлау шараларын осындай парадпен бастаған солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылардың бастамасы қуантады. Жалпы ІІО-ы қызметкерлерінің қалтқысыз еңбегінің арқасында бүгіндері қылмыстар саны азайған. Сіәздердің әрқайсыңыздың облыстың дамуына қосқан үлестеріңіз зор. Еңбектеріңіз қиын болса да сіздер оны абыроймен атқарып келесіздер.

Бұл күні ІІО-на енді келген жас қызметкерлер салтанатты түрде ант берсе, келесілері кезекті шендерін алды. Генерал атануға бір қадам жақындағандардың бірі – Петропавл қалалық ІІБ жедел басқару орталығының кезекші инспекторы Айнұр Қожабекова. Ол полиция қызметкері болуды бала кезінен армандапты.

Айнұр Қожабекова – Петропавл қалалық ІІБ жедел басқару орталығының кезекші инспекторы:


– Менің әпкем ішкі істер органдарында қызмет етті. Менде сол сияқты болғым келді. Бала кезімнен армандадым. Бүгін міне салтанатты түрде аға лейненант шенін алып отырмын. Өте қуаныштымын. Әрбір лейтенат полковник, генерал болуды армандайды. Мен сол арманыма бір қадам жақындадым.

Жалпы бүгіндері облыстық ІІД 16 ұлттың өкілі бір-бірімен иық тіресіп, бірлікте жұмыс істейді.

Марат Әлжанов – Уәлиханов аудандық ІІБ бастығы:


– Біздің департаментімізде бірнеше ұлт өкілдері жұмыс істейді. Бірлесіп, қылмыскерлермен күресеміз. марш өткізіп жатыр. Оның бәрі біз үшін абырой
.

Міне, көптен күткен салтанатты марштың да кезегі келді. Форма киіп, шен таққан, сымбатты қыз-жігіттер бірінен соң бірі орталық алаңмен жүріп өтті. 16 топқа бөлінген 800 тәртіп сақшысы осылайша айналаны думанға бөледі.

Сапты қадамын нық басып, жастарға бас болып жүрген, антына адал басшылар бастап жүрсе, соңында қызметін жаңадан бастағандар келеді. Өйткені олардың аға буын өкілдерінен үйренері көп.

Магжан Ахмадина