Қоғам

Қалада смарт орындықтар орнатылды

Мына орындық өзгелерінен ерекше. Өйткені, қала тұрығындары бұл жерде демалып қана қоймай, ұялы телефондарын да қуаттап алады. Өйткені, орындықтың бүйіріне күн энергиясы арқылы жұмыс істейтін және гаджеттерге қуат беретін бағанасы іске қосылған.

Асхат Рамазанов – Петропавл қаласы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жолдары және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

– Бұл орындықтар Беларусь елінде Branch Bench фирмасында жасалған. Қаламызға осындай 4 орындық жеткізілді. Кез-келген уақытта телефоныңызды қуаттай аласыздар. Арнайы қондырғы арқылы тегін Wi-Fi таратылады.

“Смарт орындықтар” емен ағашынан жасалған. Сондықтан да су өткізбейді. Тіпті аптап ыстыққа да, қақаған аязғада төзімді.
Ал күннен қуат алатын батареялар шынымен қапталған. Әр орындық екі USB-портпен жабдықталған. Оған қоса тағы үш телефонды сымсыз қуаттауға болады.
Бұл орындықтар бірден теріскейліктердің көңілінен шыққан сыңайлы.

– Біздің қаламызға осындай орындықтар жеткеніне қуаныштымыз. Өте ыңғайлы.

– Ұялы телефондарымызды енді далада қуаттап, интернетте тегін отыра аламыз. Жаңа технологиялар бізге де жетті.

 

Дана Ешкенова